«Әдебиеттік оқу» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып



бет5/19
Дата13.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#57089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
« дебиеттік о у» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік

Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау




Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

4.1.2.1** Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша/ толық/ ішінара мазмұндау
4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/өлең жолдарын/ нақыл сөздерді/ шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманың мазмұнын толықтырып, өрбіте баяндайды

  • Сөйлеу барысында өлең жолдарын/нақыл сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

  1. тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырманы орында.






    1. Абайдың музыкалық мұрасы дегенді қалай түсінесің?

    2. Абайдың қандай музыкалық шығармаларын білесің?

    3. Мәтіннің мазмұнына Абайдың музыкалық мұрасы туралы өзің білетін ақпараттарды қосып, мәтінді өлең жолдарымен/нақыл сөздермен өрбітіп әңгімеле.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет