Жат жерде – Берлин шаһарда
Жат елде,болмай қатарда
Жалыным сөніп барады,
Жасын боп шыққам сапарға.
Атқарып туған ел ісін,
Айналдым əлем кеңісін:
Арнадым, түркі,барымды
Ар-намыс берген сен үшін.
Аман бол Күннің баласы,
Ақ шыңдар,Тұран даласы!
Атырау-Алтай арасы –
Аяулы қазақ панасы!
Аяулы түркі қандасым,
Аян-ды мешеу қалмасың.
Арылма берік бірліктен,
Арыңа таңба салмасын.
Түркстан – түрік жасағын,
Түркілер үшін жасадым.
Түбінде жеңер бірлігің,
Түбі бір түркі жасағым.
Жеңесің дұшпан дауылын,
Жеңесін зəрін жауыңның:
Көкбөрі туды биікке
Көтеріп ұста,бауырым!
7.01.1999
АШТЫҚ ПЕН БАСТЫҚ
(
Ел ағасы Мұсаев Қалиға ескерткіш.)
Отызыншы жылдардың зардаптарын
Осы күнгі қарт айтар зарлап бəрін:
Жастық қалды мазарда, алапаттан
Аштық алды халықтың ардақтарын.
Алтыдамын, көріксіз көктем еді,
Қалтырадым, сүм аштық өктем еді...
Удайына нəр таппай балаларға,
Құдайына аналар «өкпеледі».
Сасық көше сандырап жүрген аштар,
Астық десе, құлағын түрген жастар...
«
Опатпыз» деп өліктер жайрап жатыр,
Оба, сүзек, əр үйде бүрге, лас бар.
Жинай алмай көме алмай өліктерін,
Жылай алмай, ел азды көміп демін.
Соры барын халқымның жастай сезіп,
Соның бəрін көзіммен көріп едім.
Табынған-ды жас-кəрі асқа ғана,
Табылмады тышқан да, тасбақа да...
Ыстық ботқа-арманы жас баланың,
Ысты жапа, күңгірт үй-басқа пана.
Астық, малды «белсенді» тартып алған,
Аштық қанды сорып, тəн сарқып қалған...
Бастан кешкен тамүқты тірі өліктер:
Астан-кестен дүние, тəркіл жалған.
Адамдықты ауылда аштық женді...
Адал, дықты сонда бір бастық келді.
Үлестірді əр үйге бір ешкіден,
Үндестірді өмірмен: ас- құт енді.
Ай мүйізді ешкіні бүйен емшек
Анам жиі сауады «ие бер» деп.
Алғы күнді айқындап, бақ əкелді:
Алғысыңды бастыққа үйе бер тек.
«
Аштықта сүт демдеген ақ су дəмді...
Бастыққа-құт,- деді анам,-басты, мəнді.»
Мен мақтаған көрдім деп балаларға,
Ел мақтаған айрықша жақсы жанды.
Үлкенді аға, кішіні інім деген,
Кішіпейіл жан екен күлімдеген.
«
Айналайын, қарағым!»- деп сөйлейді.
Қарапайым қазақтың тіліменен.
Суармалы жігері, қауын айдап,
Баласы бар əр үйге сауын байлап,
Бастық Қали қамқоршы əке болды:
Астық бітіп, тойынды ауыл-аймақ.
Ол елінің нəсібін күнде өсірді:
Мол егіннің бабы үшін күрес жүрді.
Үнемдеді жұртының ризығын,
Шүлендеді: өлшеммен үлестірді.
Жас-кəріге үйретіп əрекетті,
Бас əбігер орнатты берекетті.
Қайғы-мұңнан халықты бір сергітті
Қайырымнан жаралған əрекеті.
Тазалатты салдырып көшемізді,
Қазақ аты жаңғырып, көше қызды.
Халық көрді: ол жеңіп қиянатты,
Алып берді өмірден есемізді.
Сол бір ұлын елімнің мақтан етем:
Мол білімін, ерлігін мақтап өтем.
Қадірлісі халқының Қали ердің
Əрбір ісі- жыр-аңыз, дастан екен.
АНА МЕН АШТЫҚ
Аян дəйім айтатын ойлар кені:
Аялдайын артыма, ой-зар женді.
Аштық жылы-сорлатқан «отыз екі»
Ашыңдырды елге сор жайлар мені.
Сорлы далам мəйіттер алаңындай,
Сорламаған ауыл мен қала мұндай:
Ата мият бола алмай ұрпағына,
«
Аша тұяқ қалмаған»-заман удай.
Өмір саған десе де «жоққа шыда!»
Өңір жалаң, тақыр жұрт, қос басы да.
Жылан да жоқ қақтайтын жиіркенбей,
Жыларман боп отырмыз от басында.
Кім жеңеді аштықтай меңіреуді,
Тілмеледі жанымды-мені реді.
Қалдырмады шыдамын жас ананың:
Балдырғаны аштықтан еңіреді.
Көкөзекті көктемнің қоңыр түні,
Көп өзекті қиды, жоқ өмір үні.
Тағат дəйім үзілер,-мен отырмын
Сағат сайын түгендеп өмірімді.
Түнім -өлім, түс көрдім, жанып-күйік:
Күнім-інім ертенді жалын тиіп.
«
Бізбіз аштық құрбаны» дегендей-ақ
Быж-быж лаулап, жоқ болды жанып күйіп.
Оянып ем түсімнен үрей жеңіп,
Отыр екен анашым үрейленіп:
Басты бұрқап бір тажал балдырғанды-
Аштық, сырқат,опат, керт үдей келіп.
Балдырғаным – бақытым, бауырым-ай!
Балқұрағым, балшырын дəуірім-ай!
Дерттенді қан: жүрегім отқа түсті,
Өртенді жан: қазаның ауырын-ай!
Анам нық тұр, күбірлеп сұрланады,
Аналық нұр құдірет ұрланады...
Жалдыраған бір сөзін естіп қалдым:
«
Қалдыр аман, құдайым, бір баламды!».
Жасын тыйды жан анам, тірлік етпек, -
Қараша үйді қарт ажал жүрді беттеп:
Берекесіз өмірдің əрбір сəті,
Əрекетсіз бейбақты құрдым етпек.
Жұрттың шықпай азабы қалжыратты:
Жұрттың жұттай дажалдан азы қапты.
Қара суын қайнатып берген анам:
«
Қарашығын» аштықтан ажыратты.
Анасызға бұл өмір тəркіл, бөтен:
Анашыма мейірімді сарқып өтем!
Алып қалған ажалдан қайран анам,
Алыптардан құдіретің артық екен!
ƏЛ ФАРАБИДІҢ ДОМБЫРАСЫ
Əуенін тіршіліктің – қозғалысын –
Əлемнің ырғақты нұр – қозғау күшін
Түзіпті əл Фараби нота жасап:
Тізіпті үн толқынның өз «мəнісін».
Ғылымға қалдырып ол мол мұрасын,
Үғымға танытты əуен «тон» - ырғасын.
Қас сақты өнерімен мəңгі баурап,
Жасапты «қоңыр үнді» домбырасын.
Аршадан аспап тұрқын ойып алды,
Шыршадан қақпақ қағып, оюлады:
Күйкөрік – қос ішекті домбыраны
Үйреніп, өнерпаздар ойын салды.
Ұқсатып Хорасанның танбұрына,
Ұстартып қазағының əн-жырына,
Дастанын өмірдің ол күймен əрлеп,
Аспабын қосты əуеннің сан қырына.
«
Домбыра пернелерін үлестіріп,
Оң бұра, - деді ол, - тартсаң, күй есіліп,
Ғажап құт дарытады күй қуаты
Қазақтық қанға серпін үлестіріп».
Жаралған күй боп өмір бұралаңы,
Ғаламнан домбыраға құлап əні,
Толқиды: өмірге ұқсас қос ішек те,
Мол күйді жүйемелдеп, бұралады.
Өмірдің өрнекті үні үдемелі
Өндір мұң, өлең саз боп үдереді:
Шырылдап шыншыл əуен шырқалғанда,
Шымырлап тұла бойға үні енеді.
Жарасым -əуез бойды алар баурап,
Жарасын жүрегіңнің жазар жаулап.
Ойыңа даналықты дарытып күй,
Бойыңа ыстық ырғақ ағар саулап.
Өрлейді толқынданып сарынды күй,
Тербейді жан сезімін дарынды ми:
Өреді көркін ойдың əсерлі əуез,
Береді ойлы жанға қарымды сый.
Сөгілер күймен бұлт та дауыл ұрмай,
Төгілер жаздың нөсер жауынындай:
Ес білер сезімдіге қазақ күйі
Естілер ұлы тойдың дабылындай.
Құндады ер домбырасын ғұламаның,
Тыңдады ел ұйып күйін, құлап əнін:
Күй, құтты ғылымымен ол танылды,
Сүйікті ұстазы боп бұл ғаламның.
Шалқытар жыр домбыра ғажап үнін
Балқытар серпіп елдің азап, мұңын:
Əуенге күйін қосып, ойды оятып,
Əлемге даңқын жайды ол қазағымның.
Күйімен Құрманғазы «кісен ашып».
Сүйінген Тəттімбет те күймен тасып:
Нұр құйса күймен елге Мұқан, Ахмет,
Нұрғиса төкті күйдің «кілтін» басып.
Пернелі қос ішекті сал домбыра
Өрнегін мəңгі өмірге, салған жырға.
Ұлы ана – еліміздің жан қуаты ол,
Ғұлама Фарабиден қалған мұра.
АНА БАҚЫТЫ
Əлемге келген алапат –
Əр елге соғыс – жарақат.
Жан жалдап, фашист жер шарын
Жалмамақ болды жалақтап.
Жерледі жауын есілдер:
Өлмеді даңқты есімдер.
Шыңдалды еңбек, күреспен
Тылдағы жетім – жесірлер.
Құрбан боп ері отанның,
Құрған жоқ сəнін отау – мұң.
Көнбеді дертке жас ана –
Сөнбеді оты отаудың.
Соғысты қарғап кесірлі,
Тоғысты тағдыр не түрлі:
Гүлімтай ана Ваняны
Ұлындай баурап өсірді.
Дəл мұндай көп қой аналар!
Жалындай жарқын жан олар.
Бас қосып алуан отбасы,
Достасып өсті балалар.
Ұл тапты жаңа ұяны:
Қымбатты дəмі, күй, əні.
Аналар қамқор, ізетті,
Балалар-туыс, зиялы.
Ванясы тұрса қымсынып,
Анасы жанын ұмсынып.
Қаралы соғыс сөз болса,
Қалады бала күрсініп:
Таптады жаулар көшені,
Қаптады, неге өштенді?!
Дүр өскен өмір тағдырын
Күреспен ерлер шешеді.
Жылады бала, өсімдік:
Қулады көк те кесіліп.
Панасы сəтте жоқ болып,
Анасы өлген не сұмдық!
Қақталды өртке гүл мекен...
Бақтарды өртеп, күл еткен
Сан қилы қастық істеген,
Қанқулы фашист сұм неткен?!
Жеңбеді соғыс жесірді:
Жебеді жесір жетімді.
Анаға сүйеу ер болып,
Ваня да өсіп, жетілді.
Көрсетіп үлгі сан алып,
Ержетіп, ширап балаңдық,
Үміт боп жеңіс келешек,
Ұмыт боп қалды балалық.
Біріккен елдер – құрыш нық!
Бірлік пен достық, туыстық.
Сорлатты фашист жауларды:
Орнатты мəңгі тыныштық!
Тыныштық сəні уақыттың,
Тым ыстық əрбір шаттық күн.
Балалар жетіп мақсатқа,
Аналар тапты бақытын.
Үйленді Ваня жаңаша:
Сүйгенді-ді ана жараса,
Келіні-неміс, ұлы орыс,
Елінің салты-тамаша!
Жаңаша тігіп отауды,
Жанашыр ана от алды.
Бірлігін құптап ел деген,
Бір-бірін ұлтқа бөлмеген:
Келіскен елдер өмірі
Жеңіспен өстіп өрлеген.
КҮЛТЕГІНІҢ ӨСИЕТІ
Тегім десем, жыр төгілер арындап,
Тегім де сен, қолда мені аруақ.
Табылармын тарихыңнан жырыммен,
Табынамын ұлылыққа, арым-ақ.
Күлтелі өлең жазбасам да Абайша,
Күлтегінді жырламаймын, қалайша?!
Сөзі –дастан, өсиеті ұрпақтың,
Көзін ашқан таңдағы нұр арайша.
Қолбасшысы Түріктің ол шер еді.
Жолбасшысы Иолығтектей шеберді.
Басшы жасап, сарбаз жиып өнерлі,
Тасты қашап, сөз жаздырды мəнерлі.
«
Түріктерім-Ұмай ана ұрпағы.
Биіктерің – жеңіс тапқан ұлт ары.
Ар құрмасын, бірлікпен ел сақтаңдар,
Жарқырасын келешектің нұр таңы.
Жер ананың гүлзары боп орнаңдар,
Ел ананы басқыншыдан қорғаңдар.
Халқын бай қып көркейтіндер сақталсын,
Алтын байлық өзен-көлдер, ормандар.
Ардақтаңдар ата-баба ерлігін,
Салмақтаңдар көтеріңдер ел жүгін,
Бумын қаған Істемі мен Білгедей,
Ұлы бабам ардақтаған ел мұңын.
Қасиеттті Тəуелсіздік - ақ таң бар,
Өсиетім соны берік сақтаңдар!
Көкте Күннің нұрын сүйіап, ал жерде
Көкбөрінің киелі ісін ақтаңдар!»
ЕЛ КӨСЕМІНІҢ БІР СƏТІ
Алатауым қамалым, саям менің
Анам - тауым, əлемге аян елім.
Қасірет көп: өзіңді, кең далаңды
Қасиеттеп қорғаған саяң – ерің.
Ақ ордамыз Алматың бауырыңда,
Бақ, ол - аңыз тарихтың дауылында.
Құты қонып азаттың, ол көркейді
Құтты болып қазақтың қауымына.
Бұл оқиға халықтың қаперінде,
Ұлы оқиға болды тым қатерлі де.
Бас ғалымнан – тым жедел нұсқау алып,
Басталынған Қонаев пəтерінде.
Мəңгі мұзарт Алатау шыңындағы,
Мəңгі мұздар еріп ел шығындалды.
Соңы тайпап, қалаға тасқын келмек,
Соны байқап, ел басы шырылдады.
Сел басып, шың мұзарттан төксе қаһар,
Ел басшысы қалайша бейқам жатар.
Ел сасуда, тау мұзарт күрт қозғалып,
Сел тасқында қала ма сəнді шаһар.
Ер Димекең - таукеннің инженері,
Елді мекен, ел қаупін білген еді:
Қауіп төнді Алматы қаласына,
Қауіпті енді не шектеп үлгереді.
Шақырып ап штабқа ғалымдарды,
Ақылға сап, Димекең жалындады.
Айбатты қып көрсетті ел көсемін,
Қайраттылық қазақи қанындағы.
Шымыр, епті күш керек мынау іске,
Құдіретті ой керек бұла күшке.
Бөгет етіп, қос тауды қосу керек,
Бөгет тетік қамал жөн мұндай күшке.
«
Бізде бүгін жұмыс тұр асқаралы,
Іс тетігін Асқаров басқарады.
Тау мұзарты тез еріп, тасқын болмақ,
Тау бұзатын іс - елдің тас қамалы».
Ер бұлқынды ұлы істі атқаруға,
Жер сілкінді Медеудің шатқалында.
Қотарылған зор апат түсті сəтте,
Қопарылған қос шыңның қақпанына.
Жер сілкінді: Алматы дүр сілкінді.
Ер бұлқынды, ерлікпен бір сілкінді.
Тірегіне сенгенмен сол бір сəтте,
Жүрегінде Отанның дүрсіл тұрды.
Тауды бұзып, тас жарып, сел кеп еді,
Зауды бұзып, тасқынды ел бөгеді.
Бұл ақылды, ер істі басқарған ер,
Сұрапылды тоқтатқан ерлер елі.
Таңғажайып адамның амалына,
Таң да жайып құшағын таң алдында.
Ерлер тұрды керемет іс бітті деп,
Ел желпінді тауының самалына.
АЙХАЙ, ҮШ ЖИЫРМА БЕС!
Айхай, шіркін жиырма бес!
Үш дүркін келдің басыма.
Айхайлап жүрмін жаспын деп,
Ақ кірсе де шашыма.
Сұқтанамын əлі де,
Сұлу келсе қасыма.
Домбырамды қосамын,
Домаланған басыма.
Өнер қуып, тынбаймын,
Өлеңмен боп ашына.
Жалын жаным, жігерлен,
Жабықпай кəрі жасыма.
Қадіріңді кетіріп,
Қарттыққа тым бас ұрма.
Ей, кəрілік, мені сен
Еземін деп, басынба
Алға қойған зор мақсат,
Арманым көп басымда.
Жарқын ойлы ғылымның
Жаңа келдім қасына
Ғаламат ой қалдырам
Ғасырлардан – ғасырға
Мерейленсін ұрпағым
Менен қалған асылға.
АЖАЛМЕН ТІЛДЕСУ
-
Іште жатқан кезімде мазаладың,
Жазаларың көп екен, ажал залым,
Өлгім келмес, ғұмырды пайымдамай,
Дайындамай қоя тұр мазар табын.
-
Күнің бітсе, мен сені жайпар едім,
Айта бердің өмірді, қайта көндім.
Анаң байғұс менімен алысқанда,
Қалыс қалмай, күшімді байқап едің.
-
Ажал, келіп қорқыттың бесігіме,
Кесіріңе жас жаным өшігуде.
Аралайын, қоя тұр өңірлерді,
Өмір берді анашым несібіме.
-
Мені саған анашың жолатпады,
Ол атқарды міндетін, мол ақтады.
Анаң маған жапса да есігін мың,
Бесігіңнің басына қонақтадым,
-
Мазаладың мен жүрсем тəй-тəй басып,
Шайпауласып, анаммен айқайласып.
Аман қалдым бозөкпе шешегіңнен,
Төсегімнен, кəнекей, қайқай да шық!
-
Ана қорғап жүрді ғой қарашығын,
Анашыңның сездің бе жаны асылын?!
Күшпен жеңіп, ол кісі төрінде жүр,
Өлім - өмір дейтұғын таласымның.
-
Кең даламда жүгіріп, құлдырадым,
Былдырадым, қызық боп былдыр əнім.
Кек санарсың бейшекі сұрағымды,
Бұрауыңды сен неге мың бұрадың?
-
Маған таяу жүрсең де мылтық басым,
Ынтыққасың далаңа күнсіп басың.
Шешең қорғап жалынып, қиды жанын,
Сыйлы жанды аядым пір тұтқасын.
-
Өте берді зымырап балалығым,
Бала күннің бақытын ала білдім.
Жігіт кезде мұқатып жігерімді,
Жүрегімді сен, ажал, нала қылдың.
-
Саған анаң өсті деп сеніп еді,
Сеніп елің жолдама беріп еді.
Ой үзер деп өмірге жалғасудан,
Дəл қасыңнан күн сайын көрінгемін!
-
Егде болдым, мінекей шаш ағарды,
Шаш аларлық кейпің бар, бас аларлық.
Бұза көрме сен, ажал, көшімізді,
Өшімізді біз сенен қашан алдық?!
-
Мені жеңген құдірет –күрес деймін,
Күрес бейім, қалайша тіреспейін?
Құтылмайсың бəрібір ажалыңнан,
Азабымнан айрылып бір өс, мейлің.
-
Жеңемін деп мақтанба, кəрі шалым,
Алысамын, өлгенше қарысамын!
Қанат берді заманым самғау үшін,
Қалмау үшін мезгілмен жарысамын
ҚАЗАҚ ЖЕРІ
Туған жерім - Отаным- гүлді далам,
Күллі ғалам, болмысың құнды маған.
Əрбір гүлің, əр тасың сыр шертеді,
Жыр шертеді əуезбен мың бұралған.
Далам, сенен естимін тың сарынды,
Мың сан үнді күйіңе күн табынды.
Көтергендей боласың биікке сен,
Иіскесем аңқыған жусаныңды.
Басқыншыдан болсын деп азат, кенен,
Ғажап, ерен ерлерің жаз əкелген.
Қорғап қалды батырлар кеңдігіңді,
Енді, міне, ер елміз қазақ деген.
Ар-намысын ту етіп ата-бабам,
Атойлаған жауларын матап алған:
Əкелсе де жеңісін елге уақыт,-
Сенде бақыт тойы бір аталмаған.
Сенің жыршыл ұлыңмын мен бүгінгі,
Ерлігімді жырлаймын, елдігімді.
Тың мен ғарыш сөресі- ата мекен,
Мақтан етем шегі жоқ кеңдігіңді.
Жер- ана:
Бабаң мені қорғаған қасиетті,
Қасіретті, қаралы ғасыр өтті.
Талай жаулар бетіме таңба салып,
Қанға малып, үстімнен басып өтті.
Енді қазақ жері боп аталамын,
Жасарамын, бақытқа бата аламын.
Бақпаса да даламды дерттен аман,
Өрттен аман сақтаған аталарың.
Байлығымды сол үшін үйіп берем,
Биіктерден сел-тасқын құйып берем...
Күтіп жатыр мол кенім ашылуды,
Асылымды бойыма жиып келгем.
Ақын:
Рас айттың, жер-ана, балғын бағым,
Шалғындарың, жайлауың- жан құмарым.
Тасыр жаудан тазартқан қорымалың-
Қобыланды, Ер Сайын, Тарғыңдырың.
Биік көрген жанынан арын ерің,
Жалын бердің, еліме дарын бердің.
Аталардың өсіппіз өситімен,
Қасиетіңнен жаралған қаным менің.
Жер- ана:
Білем: елің өксігін баса алмады,
Жас ананы таба алмай Асан қалды.
Қоқыт күйі көп кезіп, жерді шарлап,
Елің зарлап арманнан аса алмады.
Залым патша халқыңды шырылдатып,
Үні жасып тұрғанда құрын қатып.
Тең болған-ды жауыңа түскен жаймен,
Исатай мен Махамбет, Сырым Датов.
Ең бейнетті, батырлар өр зейнетті,
Ішкі жауын олар да жеңбей өтті,
Ел қорғаған ерлерін мұңға жүкті,
Шын бақытты бəрі де көрмей кетті.
Ақын:
Рас! Саған Фараби сия алмапты,
Гүлзар бақты, бақытты қиялдапты.
Ол айналып өзінің Отырарын,
Топырағын кетерде қия алмапты.
Баян, Жібек, Саралар налып өтті,-
Жарып өтті тұнекті- нағылетті.
Тарих отын олардың жалын етіп,
Дарын етіп ұрпаққа алып жетті.
Қазақ жерін қызығып Пушкин көрген,
Ұшқын көрген ұрпақта, ұшқын береген.
Абай, Шоқан, Ыбырай елін тартып,
Сенім артып достасқан Пушкиндермен.
Жер-ана:
Орыс, қазақ айналдым елдеріңнен,
Көргемін мен туыстық ерлеріңнен.
Жеңімпаз күн патшаның тағын жойып,
Бағын жайып келер деп сенгенім мен.
Тұрар қағып елдіктің от дабылын,
Оқта жүрдің, алаулап отқа кірдің.
Бостандығын армандап, қазақ күткен,
Азаттықпен өссін деп атқа міндің.
Бекболат пен Əліби, Аманкелді,
Маған келді бастауға тамам елді.
Сақтады олар халқының амандығын,
Маған нұрын халқыңдай данаң берді.
Ақын:
Жасарғансың сол нұрмен, қартаң анам,
Дарқан далам ыстықсың, Арқам маған.
Ер еңбекпен мың бақыт сый көреміз,
Игереміз кеніңді арқалаған.
Қаймағыңды қалың ел түре білді,
Түрленді тың салғанда түренімді.
Тыныстанды жас ұрпақ жырлап өсті.
Жылдар көшті өзгертіп реңіңді.
Сан мың жаңа қаламен əрленіп қыр,
Сəн беріп тұр əлемге əр беріп тұр.
Сенің алтын өріңде кең көбейіп,
Менделеев кестесі тар келіп тұр.
Шебер қолмен жан біткен тасқа мұнда,
Қасқағымда туған іс дастанымдай.
Байқоңырдан ғарыштап жұлдыздарым,
Ұл-қыздарым самғап жүр аспанымда.
Жер-ана:
Жер қадірін білетін ақыным-ай,
Ақылдым-ай, жанашыр жақыным-ай.
Күнде жайнап, жаңарып атырабым,
Жапырағым жатса екен, жапырылмай.
Сонау жылдар өртеніп жердің шары,
Елдің бəрі күйзелген, көрдің зарын.
Қырағы боп жүріңдер аманатқа,
Адамзатқа бірлессе, бердім бəрін.
Ақын:
Біз бірлікпен жеңгенбіз қанішерді,
Намыс ерді шыңдаған, намысты елді.
Зор майданда танылған ерлігімен,
Ерлігімен, елімнің таныс енді.
Мəншүк, Мəлік, Төлеген, Алиялар...
Сан ұландар – ерлігін əн ұялар.
Жалғастырған солардың батылдығын,
Батырлығым көп менің жариялар.
Жеңімпазбыз, жеңіс күн мəңгі келді,
Мəңгі келді, жолымыз даңғыл енді.
Сол жеңістің басына ұран үлгі,
Жыр алыбы – атамыз Жамбыл келді.
Өнер, білім, еңбектің тұнған жері,
Думанды елі, Мұхтардың туған жері.
Сəкен, Сəбит жырлаған көркемдігін,
Көрсем бүгін, ғажайып тунған жерім.
Құшамын да гүліңді жырлы мекен,
Құшағыңда мəңгілік жырлап өтем.
П О Э М А Л А Р
ТҰМАРХАНЫМНЫҢ ЕРЛІГІ
Ана-өмір, аналар – құдірет те:
Құдіретке бас иіп, құрметте.
Адамзатты өсірген ана-мықтың,
Адамдықтың ұстазы ол – ұлы мектеп.
Ер аналар – даналар өткен бұрын,
Еккен гүлін, Күн болып төккен нұрын:
Батыр, патша, ханшайым – Тұмар ана
Мұнарлана тарихы шерткен сырын.
Түркі-сақтың мекені ертедегі
Ертек еді: жерұйық, көркем еді.
Азияның сол ғажап тау-даласын,
Жау таласып, мың рет өртеп еді.
Түркі ханы қайтыс боп, ұлы арманын
Тұмар ханым жесірі мұң, ар жанын.
Толғантқанда, Кир патша көз салыпты:
Сөз салыпты бірі боп «құмар» жанның.
Мидия патшасының бағы жүріп,
Тағы қылық жасаумен табындырып.
Алмақ бопты Тұмарды əйелдікке,
Əредікке кісі сап, сабылдырып.
«
Тұмар ханым, екеуміз қосылайық,
Қосылайық, екі елге осы лайық.
Екі патша қосылып, дүрілдейік,
Бірігейік, күмандап шошымайық!».
Түсті сөйтіп Тұмарға ауыр салмақ,
Жауы қармақ ілдіріп, жаулап алмақ.
Орындалса, зұлымның айла кегі,
Қайран елі түріктің дауда қалмақ.
Тұмар ханым соны ойлап, кектеніпті,
Өктем, мықты жау сөзі шектеліпті.
Ер түріктің дақ салмай намысына,
Алысуға жаумен ол серт беріпті.
Тойламақ боп Кир патша жесірді алып,
Көпір салып өзеннен, нөпір халық.
Өтпек болып жатқанда, хабар жетті:
«
Доғар!» - депті патшаға жесір налып.
«
Қоқаңдама, Кир патша, маған ғашық,
«
Амандасып» көрер ем араң қашық.
Мен қолымды əкетем алыс жаққа,
Алыспаққа судан өт, алаңға шық!»
Қолбасымен Кир патша кеңеседі,
Кеңесші еді Крез сұм кеңес берді.
«
Жеңілейік, ішкілік ас қалдырып
Мас əңгүдік түріктер теңеседі»...
Қулық жасап, парсылар амал тапты,
Амалдапты безентіп алаң жақты:
Олар қашып кеткенде «жеңілген» боп,
«
Жеңіп», «ер боп», түріктер талап жатты.
Байқамастан қулық пен қастандықты,
Бас салыпты, түріктер мастаныпты:
Шарап ішіп, шарықтап, естен танып,
«
Кештеу» налып, өлігін жастаныпты.
Спарғап ер – Тұмардың жалғыз ұлы,
Қан қызулы мінезі сан қызынды:
«
Мас болу мен нас болу қылмыс екен, -
Қылмыс еткен, кеш, ана, жалғызыңды!»
Арыстандай Спарғап ақырыпты
Тасыр мықты кермеге асылыпты:
«
Қорлады жау қаһарман сақты тілдеп...
Сатқынмын!» - деп, өзіне ашыныпты.
Спарғап опығыпты, күйініпті.
Түйіліпті жауына шүйіліпті,-
Жаулармен алысып, оқтай ұшып,
Шоқтай түсіп, өмірі қиылыпты.
Тұмар жайды кеш естіп, өкініпті,
Кекті, мықты күш сайлап, бекініпті.
Асқындаған жауының жаны ұшыпты:
Алысыпты жеті күн екі мықты.
Тұмар ханым жасындай жарқылдапты,
Тартынбапты, қаһары қарқындапты.
Жеңіс тапқан Кир патша соғыстан мың, -
Соғысқанын əйелмен ар қылмапты.
Құдірет күші Тұмардың кеткен кекте:
-
Тектен көпке, шық, Кир жау, сертке жет те!
Шығарайын жаныңды шырқыратып,
Бұрқыратып қаныңды жекпе-жекте!
Наркескендер қан шашып қаршылдапты,
Қан бұлапты, қос батыр қансырапты.
Кек қылышы Тұмардың қырқып түсіп,
Ыршып түсіп, Кир басы қалшылдапты.
Парсыларды жаныштап жалынды кек,
Арынды көп қанына малынды кеп.
Қанға малып, Кир басын Тұмар күлді:
-
Құмарыңды қандыр, іш қаныңды! - деп.
Жалғыз ұлын жоғалтқан бар асылын.
Анасының кегімен, жанашырдың.
Жеңіліпті парсылар əлі бітіп,
Шаңын жұтып Арарат даласының.
Түрік - сақтың жеңісі дабыл қаққан:
Дабылдатқан жерден қан ағып жатқан.
Қанға бөгіп Аракс дариясы,
Жариясын шындықтың қабылдатқан.
Тұмар ханым (Томирис) - ел анасы,
Ел панасы, қаһарман ер анасы.
Мен жырладым ананың азаттығын,
Ғажап сырын кие тұт, ел баласы.
Достарыңызбен бөлісу: |