БҰЙРЫҚ
Қатысушылар: Бақас құрылыс бастығы,
Ақас –прораб.
Кеңсе. Бақас қоңырау соғады. Ақас келеді.
Ақас: Бақа, сəлематсыз ба? Неге шақырдыңыз?
Бақас: Ақас, сен осы «жаңа бетбұрыс», «қайта құру» деген сөздің
мəнін қашан түсінесің? «Санасызға сан айтсаң да ұқпас» деп, понимаете...
Ақас: Олай демеңіз. Бетімді бері бұрып, жұмысты жұмыла қайта құрып,
жариялыққа жан салып жүрміз.
Бақас: Олай болса, сен менің бұйрығымды неге орындамай жүрсің, ə?
Құрылыс жұмысын құлдыратып жібердің, понимаете!
Ақас: Құрғақ бұйрықпен құрылыс бітпейді, отағасы. Нақты іс керек.
Бақас: Əй, қарағым! Мына халыққа «нақыт» ісіңді көрсет, кəне! Тілің
мен жағыңа сүйеніп, алға басқың келмейді. Шашырап шашымды ағартып
болдыңдар, понимаете! Бұйрықты орындамау – қылмыс! Біліп қой...
Ақас: Шашты айта бермей, істі айтыңыз, отағасы.
Бақас: Істі айтсам, сол, биылғы жоспар бойынша салынатын он үйдің
құрылыс материалдары аз күнде дайын болсын! Бұйырамын! Білдің бе?
Ақас: Бұйыру қиын емес, отағасы. Одан да құрылыс материалдарын
қайдан аламыз? Соны айтыңыз.
Бақас: Əй, қарағым! Құрылыс материалын мен қалтама салып жүргем
жоқ! Ауданға, облысқа, орталыққа бар. Таныс тап, тамағын майла, счет ал,
ақша аудар, понимаете.
Ақас: Кірпіш, цемент, ағаш, əк, құм, тас – бəріне ақшаны қайдан
табамыз? Онсыз да мемлекетке бес миллион теңге қарызбыз.
Бақас: Сен санамқ ойнама! Командировкаға бар! Қайдан болса да,
құрылыс материалдарын тауып кел! Бұйрықты орында! Все!
Ақас: Бақа, құрғақ бұйрықпен, бейберекет, командировкамен іс біте ме?
Бақас: Сен пм... майте, «құрғақ бұйрық», «бейберекет командировка»
деп мозгамды шұқыма! Қолыңнан іс келмесе, орынды босат! Мынау елге
сенің бос сөзіңнің түкке де керегі жоқ.
Ақас: Қолдан іс келеді, Бақа! Құрылыс материалдарын даярлаймыз. Тек
сіздің келісіміңіз керек.
Бақас: Мен келісімпаз емеспін. Ойлағанымды орындатамын!
Ақас: «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген мақал бар,
отағасы.
Бақас: Міне, понимаете! Сендерді осындай жаттанды сөз, жаймашуақ
жалқаулық құртады.
Ақас: Мен жалқаулық жасамаймын, отағасы. Үй салуға қажетті тас, құм,
сабан, кірпіш, ағаш, қамыс, шлак, ... бəрі де өз мекенімізден табылады.
Заводтан цемент алу үшін, кірпіш күйдіретін цех салу үшін, Сіздің
келісіміңіз керек. Жергілікті ресурстар жетеді.
Бақас: Əй, қарағым, сен лыпылдама. «Алу үшін», «салу үшін» деп,
понимаете, мені қиялыңмен қисайтпа. Бұйрықты орында! Все!
Ақас: Бұйымсыз бұйрықты қоя тұрыңыз! «Көрпеңе қарай көсіл»
дегендей, əуелі өз мүмкіндігімізді барынша пайдаланайық.
Бақас: Маған көрпенің керегі жоқ, понимаете! Маған құрылыс керек!
Ақас: Ақиқат ашығын айтайын, Бақа, Сіз жаңа беббұрыс пен қайта
құрудың не екенін, əуелі, өзіңіз түсінбей жүрсіз. Мердігерлік мешеу қалды.
Бақас: Немене?! «Білгішін-ай» мынаның! Əй, қарағым! Кірпіш
күйдіретін цех жасау оңай ма? Одан да «дайын материалды табуға ерінемін»
деп ашық айтпайсың ба? Жариялылық дегенді мишығын сезбейді. Кесір,
кердең, керенау, кеселсіңдер бəрін де! Понимаете!
Ақас: Ашу шақырмай, ақылға келіңіз. Экономиканы ескермей, дайынға
құнығу ұят емес пе, отағасы?! Өзгеден қалмай, өзімізше əрекет жасаудың
əбестігі жоқ сияқты,меніңше.
Бақас: Мен саған сол «əрекеттің» берекет жолын айтып отырмын.
Кесірленіп кері баспа! Ақылға салып, ақиқатпен айтқанымды орында! Все!
Ақас: Кесір жасап, кері басып тұрған - өзіңіз, бақа!
Бақас: Сен бүйтіп көптің көңілінен шыға алмайсың, Ақас! Егер
бұйрықты орындамасаң, жалқаулығыңды жария қыламын! Халық алдында
қадіріңді кетіремін!
Ақас: Ол жағын көпшілік шешеді, отағасы (Кетеді).
Дауыс: Бұйрықшыл, менмен, мұндар нас,
Кеңесін жұрттың тыңдамас.
БЕС ЖҮЗ ТЕҢГЕ
Қатысушылар: Қарпық-цехтың қарауылы,
Қасым-жұмысшы,
Елеусіз – жұмысшы.
Цехтың кіре беріс бөлмесі, Қарпық жұмысшылардың келген-
кеткенін түгендеп отыр. Қасым келеді.
Қарпық: Шырағым, қайда ентігіп барасың, тоқта.
Қасым: Ағатай, бес минут кешіктім. Бөгемеңіз.
Қарпық: Жаңадан келген соң, түсінбей тұрсың ғой, шырағым! Бізде
тəртіп күшті. Мен сені цехқа жібермеймін.
Қасым: Ағатай, бөгемеңізші. Станокты тезірек іске қосыуым керек еді.
Жұмысым зəру... Уақыт өтіп барады.
Қарпық: Шырағым «темір тəртіп» дегеннің не екенін білесің бе, сен?!
Мен сені бостан-босқа жібере алмаймын. Кешіккен адам айыбын тартады.
Қасым: Кешіккен айыбым үшін, бүгін норманы екі есе орындаймын,
ағатай.
Қарпық: Шырағым, ондай əуре-сарсаңның керегі не? Одан да ел
қатарында қарбалас тірліктің қарымын істе. (Елеусіз келеді).
Елеусіз: О, Қасеке! Амансыз ба? Ассəлеумəликім! Апайдың қалі
қандай?
Қарпық: О, Ерім! Елекем! Ішің біледі? Мен кешікті демеймін! Кел,
жаным!
Елеусіз: Қартеке-ай! Қуқыланып, жасарып кетіпсіз ғой өзіңіз! Міне
өстіп, темір тəртіптің тегеуріні болып, жайнап, жарқырап отырыңыз!
(
Елеусіз Қарпықтың қолына жымқыра бір нəрсе ұсынып, еркіндеп, ішке
еніп кетеді).
Қасым: Ағатай, жұмыс тұрып қалды ғой, жіберсеңізші мені.
Қарпық: Шырағым, мен жібермеймін деп отырғам жоқ. Өзің
түсінбейсің бе? Мен бастыққа берем. Сендердің бір тиындарың да керек
емес, білдің бе?
Қасым: Түкке түсінсем, бұйырмасын! Елеусізді неге жібердіңіз?
Қарпық: Шырағым-ау, ол түсінетін жігіт қой, білесің бе? Əуре болмай-
ақ, беріп кетті.
Қасым: Не берді?
Қарпық: Міне, бес жүз теңге беріп кетті. Бізде тəртіп сондай. Кімде
кім кешіксе, маған бес жүз теңге ұсынды. Мен оны жұмысқа жіберемін де,
төлеген айыбын бастыққа берем. Сөйтіп жұмыс тоқтамайды. «Құдағи да
тыныш, құда да тыныш».
Қасым: «Тəртіп» дейді. Бұл – тəртіп емес қой.
Қарпық: Əрине бұл – тəртіп. Егер кешіккенің туралы бастыққа
хабарласам, сөгіс аласың, айлығың қысқарады, «премияльныйдан» құр
қаласың, бəрін есептесең, қанша əуре, қаншақлық ақшаң шығын болады.
Қасым: Бес минут кешіккенім үшін айыпты мен төлеймін, жиырма
минут бөгегеніңіз үшін айыпты сіз төлейсіз, ағатайым. (Қасым барынша
ысқырып жібереді)
Қарпық:Əу, шырағым! Не боды? Жау шапты ма? Ысқырғаныңа жол
болсын?
Қасым: Милиция шақырып тұрмын.
Қарпық: Жарайды, шырағым, бір жолға бара бер енді. Ысқырма! Ұят
болады... Тəртіп керек.
Қасым: Жоқ, ағатай! Мен жүгенсіздікті босқа қалдыра алмаймын!
Милиция шақырып, мына сұмдық жағдайды заң орнына хабарлаймын.
Қарпық (жуасып): Мен емес, бастық қой!.. Бастықты сыйласаң, қор
болмайсың, бала.
Қасым: Сыйлау, сыйласым, құрмет көрсету – бір басқа. Ал мынау –
қорлау. Сіз өзіңізді де, мені де, бастықты да қорлап отырсыз.
Қарпық: Ақша беріп, ақша алу қорлық емес...
Қасым: Өзіне өзі қастандық жасау- ессіздік емес пе? Мен мұны елеусіз
қалдырмаймын. Документ толтырып, жалпы жиналысқа салам. Жариялылық
қайда бұл?
Қарпық: Байқа бала? Өзіңнің бастыққа қарсы екеніңді жариялама!
Бізде-тəртіп. Осындағының бəрі бастықты қолдайды. Өйткені осы уақытқа
дейін бастық ешқайсысына да «ішай» деп көрген емес. Не болса да, жең
ұшынан жалғасып, өстіп «жаманымызды жасырып, жақсымызды асырып»,
тату-тəтті ұжым болып отырмыз, шырақ! Ұйқымызды бұзбай жүр.
Қасым: Мұндағы жұмысты да, тəртіпті де қайта құру керек?
Қарпық: Қайта құруды сен жалғыз бастай алмайсың!
Қасым: Қайта құруды мен бастасам, қостаушылар табылады, ағатай!
(
Қасым ысқырып жібереді)
Қарпық: Милиция шақырмай-ақ қой, шырағым! Бүгін кешіккендерден
түскен ақшаның бəрін саған берейін, жаным! Келісімге кел.
Қасым: Кесірге келісім болмайды, ағатай! Мұндай кесапат жағдаймен
аянбай күресу керек (Тағы да ысқырады) Милиция!
Дауыс: Ары жоқ «дөйдің » шатағы:
Ақшаға арын сатады.
ҚАҚПАШЫНЫҢ ҚАРЫМТАСЫ
Қатысушылар: Қадиша – қақпашы,
Əскер – шофер,
Мария – қоймашы
Наубайхана қақпасының алды. Қадиша жұртқа мақтанып тұр.
Қадиша: Құдайға шүкір. Осы наубайхананың ең үлкен тұтқасы менің
қолымда. Мен қақпаны ашпасам, дүйім ел нансыз қалар еді. Ел ризығының
кілтін ұстау – қандай бақыт. Тек сол нəсіптің беркесін ұшырмай, елге
таратып беріп тұрсақ болғаны. Ананы қараңдар! О, сүмелек! Мынау шофер
жүгенсіз кетіп барады, қап, бəлем! Сені бүйтіп есірте бермеспін.
(
Машина үні. Əскер келеді).
Əскер: Қадиша апай, қалай көңілдісіз ғой бүгін. Міне, біздің апай өстіп
жаздай жайнап, күндей күліп жүреді, моло-дец! Қақапаны ашыңыз.
Қадиша: Жо-оқ! Мен қақапаны ашпаймын!
Əскер: Қадиша апай! Магазиндерге нан жеткізу керек.
Қадиша: Мен қақапаны ашпаймын деген соң, ашпаймын.
Əскер: Қадиша, апай! Нан суып қалатын болды! Кешігемін ғой,
жіберіңіз!
Қадиша: Жібермеймін! Өліп кетсем де... Əуелі жауап бер: Өткен
аптада машинаға ұрлап салған бір жəшік сары майды қайда апардың, айт
кəне?! Айт кəне!
Əскер: Апай енді, сіз тергеуші емессіз ғой, дабыл көтеріп, дау
шығаратындай не бар сонша?!
Қадиша: Кеше ұрлап салған бір қап қант пен бір жəшік мейізді қайда
апардың, айт кəне! Шыбын жаныңды шырқыратып жіберемін, айт кəне!
Əскер: Опым-ай енді, мен не істедім сізге? Жаныңыз жарқын,
Мейірімді апайсыз ғой енді. Сізге не істедім мен?!
Қадиша: Не істемей жүрсің. Елдің несібесін жырып жеп, халықты
тонап, қылмыс жасап жүрсің.
Əскер: Апатай, енді халықтан алғам жоқ, қоймадан алдым ғой енді. Бір
ұрлаған жоқпыз келісіп алдық. Бұл – ұрлық емес, Қадиша апай!
Қадиша: Бүгін, ұрлық жасамасаң, анау бір қап ұн мен бір жəшік майда
қайда апарасың? Айт кəне! Шыбын жаныңды шырқыратып жіберемін. Айт
кəне!
Əскер: Апай, бұл келісіп алынған нəрсе...
Қадиша: Əй, келісімпаздар! Мен сендерді сотқа берем.
Əскер: Опым-ай, енді күйдірмеңізші...
Қадиша: Күймек тұрмақ, жанып кетесің, біліп қой!
Əскер: Апай, сіз анасыз ғой... Əйел, бала-шағам бар. Мені отқа
салмаңызшы. Опым-ай, опат болып кететін болдым-ау, енді! Оңбайтын
болдым!
Қадиша: Оңбайтын тірлік жасап жүрсің! Оңбайсың!
Əскер: Айналып кетейін апай! Құлың болайын! Құрбандығың болайын!
Тіпті, сіз үшін мен-ақ өлейін.
Қадиша: Тек ей, жайрағыр! Мен үшін өлме! Сенің бала-шағыңның
обалына қалатын жайым жоқ! (Мария келіп қалады).
Мария: Қадиша апай! Бұл не дау, жанжал?...
Əскер: Марияжан-ау! Тектен текке күйіп-жанып, өртеніп өлетін
болдым! Қадиша апайды көндіріп беріңізші.
Мария... Неменеге көндіремін? Қызық екенсің.
Қадиша: Бұл барып тұрған баукеспе ұры! Шаңқай түсте шатақ
шығарып, бір қап қант, бір жəшік майды ұрлап алып барады? Əне ұрлаған
дүниесі машинасында нанның үстінде жатыр.
Мария: Əскер, сен жөнді білмейтін жігіт екенсің. Үлкен адамды сыйлау
керек. Əзірше, анау бір қап ұнды Қадиша апайдың үйіне апарып таста.
Əскер: Мақұл бұл кісі үшін жанымды қиямын.
Қадиша: Жо-оқ! Жібермеймін ұрыны! Мұның төрт құбыласы түгел,
еңбексіз табысы тасып жатыр. Ал мен бес баламды қалай асыраймын?!
Мария: Əскер, келесі жолы мен ептеп, артылтып алып берем. Он кило
сары майды Қадиша апайдікіне апарып таста.
Қадиша: Жо-оқ! Ондайға мен сатылмаймын!
Əскер: Опым-ай, енді шынымен-ақ күйіп кететін болдым-ау. Күнім не
болады, Марияжан-ау?!
Мария: Шырылдама, Əскер! Əр апта сайын Қадиша апайдың сыбағасын
мен өзім дайындап қоямын, ал сен, оны үйіне жеткізіп беріп тұр. Үлкенді
сыйлау, құрметтеу керек деп баяғыда-ақ айтып едім ғой саған.
Қадиша: (жуасып) Енді... қоймадыңдар ғой, жарайды.
Мария: Міне, ибалы сөз, жарасымды əңгіме, керіссіз келісім деп, осыны
айтады. Қадиша апай, Əскер деген өзі жаны таза, ары адал, ақылгөй,
аңқылдақ жігіт. Бұл жақсылығыңызды жерге тастамайды.
Əскер: Апай-ау, мен сіз үшін өліп кетуге дайынмын. Бірақ «мешкей
деген жақсы атақ емес» дегендей, мені ұры деп кінəламаңыз. Осы уақытқа
дейін біреудің ала жібін аттаған емеспін. Берекелі дүниеден қоймашының
бергенін аламын.
Мария: Бар енді, бұдан былай Қадиша апайдың да қадірін біліп,
үлкендігін сыйлап, құрметте, біз материалдық көмегімізді аямаймыз бұл
кісіден.
Қадиша: Сый-құрметтеріңе рахмет. Енді, Əскержан қатты кеткеніме
айып етпе? Мынау ұнды балаларға апарып тастарсың...
Əскер: Рақмет, апай! Бірақ есіңізде болсын: мен ұры емеспін! Берекелі
дүниеден бергенін алам! Тек, билік біліп қоймаса, болды
Дауыс: Құлай түсіп тұл жолға,
Құлқыныңа құл болма.
КОРРОЗИЯ
Қатысушылар: Жүніс – шаруа қожасы
Жартай – агроном.
Ұжымшар төрағасының бөлмесі. Жүніс Жартайды шақырып,
қоңырау соғады.
Жартай: Сəлеметсіз бе, Жүке? Неге шақырдыңыз?
Жүніс: Əй, қарағым, Жартай! Мен шаруа қожалығын жаңадан
ұйымдастырдым, ал сен болсаң, осы ауылда дүниеге келгенсің. Ауылдың
отына күйіп, суына піскен тума қадірсің. Ауылға неге жаның ашымаған,
айтшы.
Жартай: Жаным ашиды ғой, ағай!...
Жүніс: Жаның ашыса, жер жыртатын соқалар, айдалада шашылып
жатыр, оларды неге жинап əкеп, бір орынға қоймағансыңдар?
Жартай: Соқалар жарамай қалды, ағай.
Жүніс: Қалайша жарамайды, оларды жөндеу керек емес пе? Бұл қалай?
Жартай: Коррозия...
Жүніс: Əй, шырағым Жартай. Ұжымшар техникасы аткөпір болып аяқ
аятында жатыр: тачкалардың талқаны шығып, тырналардың тылсымы
қалмай, тракторлар тырайып, комбайндар қоста қалып бəрі де іске аспай
қалған, бұл қалай?
Жартай: Коррозия.. А, тойыс, ол жағына енді сіз нұсқау бермесеңіз
бұрынғы бастық бұрылып та қараған емес. Шынын айту керек.
Жүніс: Өткен жылғы бидай өнімі аз, арпа ерте қурап кеткен, сұлы сирек
өскен, қызылшаны қына басқан, көкөніс шіріп жатыр, бұл қалай?
Жартай: Коррозия.
Жүніс: Қарағым Жартай! Сенің «коррозиядан» басқа айтар сөзің бар ма?
Осы, өзің «коррозия» деген терминнің мəн-мағынасын білесің бе? Айтшы.
Жартай: Жарамай қалған нəрсенің бəрін «коррозия» дейміз. Техника;
жер, табиғат коррозия болды.
Жүніс: Сен сол сөзді сылтау қылып, жер шұқып, желкенді қасыма. Іске
кірісейік. Ең əуелі ауылдың бұрынғы барлық техникасын бір жерге
жинайық, техникаға жаппажай салдырайық.
Жартай: Кешіріңіз ағай! Сол техника дегеннің сайда саны, құмда ізі
жоқ. Мəселеңки, комбайнның құр қаңқасы бар, ішк-қарнын комбайншы
ақтарып тастаған екен, жүгермегір балалар металоломға тасып əкетіпті, ал
далада жатқан соқаны тракторға тіркеп əкеле алмаймыз, белтемірлері
тоттанып, біліктері бұлінген.
Жүніс: Қарағым Жартай! өткеннен тағылым алып, істі жаңаша, қайта
құруымыз керек. Егер істі қайта құруға қажырың жетпесе, жалынды, ынта-
ықыласты жастардан сенің орныңды басатып қадір табылады.
Жартай: Тырнақ астынан кір іздемеңіз. Шынын айтқанда, «қайта
құрамыз» деп техниканы шашып тастаған мен емес. Туған ауылым, өскен
елім мені алақанына салып аялап келеді.
Жүніс: Сол «алақанына салып, аялаған» ардақты елге зиян келтіріп,
қылмыс жасауға бола ма? Сізде бір-ақ нəрсе жетіспейді.
Жартай: Не жетіспейді менде?
Жүніс: Жауапкершілік жетіспейді! Техниканы күтпегенсіңдер, егінді
танаптандырмағансыңдар. Тіпті жер тыңайтуды білмегенсіңдер. Сізді
агроном деп кім айтады?
Жартай: Селитраны септік қой... Бəрін де күйдіріп жібереді. Аспаннан
сепкен ақ дəрі жерді де, елді де, қауын-қарбызды да уландырып жіберді.
Жүніс: Агроном деген əуелі топырақтың құрамын зерттеп, содан кейін
соған керекті тыңайтқышты лайықтап қолдану керек.
Жартай: Оны білеміз, ағай.
Жүніс: Оны білсең көң, қи сияқты аса қажетті тыңайтқышты неге
даярламағансыздар. Ал бар тыңайтқыш əр жерде, қу медиен қуаң далада
үйіліп, іске аспай жатыр, бұл қалай?..
Жартай (ойланып): Ағай, енді білдім, ойлай білмесе, ми да коррозия
болады екен (күледі).
Жүніс: Олай емес, жауапкершілік сезіммен, іске ынта, ықылас қойып,
еңбекке белсене кірісіп, яғни миды пайдаланып, ойлай білу керек еді.Колхоз
тарағанмен ауыл тараған жоқ қой, елдің ертеңін неге ойламағансыңдар?
Жартай: Ағай, мен енді түсіндім,жұмысқа барайын! Айтқандарыңыз
орындалмаса, мені адам деп есептемеңіз. Енді түсіндім бəріне... (Кетеді).
Жүніс: (Жұртқа қарап). Беті бері қарады. Енді бұдан үміт күтуге
болады.Бəрін де қайта құру керек енді...
Дауыс: Өмірді алға бастырған,
Өнеге, құт – басшыдан.
ТАМАҚТЫҢ ДƏМІ
Қатысушылар: Асан – аспаз,
Ахмет – зейнеткер
Демалыс үйі. Сəкіде Асан мен Ахмет сөз таласытырып отыр.
Ахмет: Асан шырақ мен демалуға келген адаммын, Қарным тоқ,
қайғым жоқ, көңілім көтеріңкі болу керек.
Асан: Таза ауамен демалып, мөлдір сумен жуынып, сейіл құрып,
серуен жасаңыз. Ал тамаз деген тоқшылық қой...
Ахмет: Тоқшылық па, əлде жоқшылық па. Судан алып, суға салып,
тостаққа құйып бір нəрсе бересің де, ол жұмыршағыма жұқ болып жүрген
жоқ, түге.
Асан: Олай демеңіз, ақсақал, күніне бір-екі қой, он шақты тауық
соямыз. Соның бəрі қайда кетіп жатыр деп ойлайсыз?
Ахмет: Бəсе, соның бəрі қайда кетіп жатыр? Майсыз ет, қатықсыз көже...
Тамақтарыңның дəмі қайда, бұл?
Асан: Дəмсіз тамақ болмайды, ақсақал. Өйтіп мені күйдірмеңіз.
Барымызды баптап беріп жатырмыз ғой. Əрқайсыңызға бас беріп, қазы
қартамен сыйлайтын жағдай жоқ.
Ахмет: Е, бас берсең, несі бар? Біздің қазақ қариесін бас, жамбас беріп
сыйлайды. Жамбас тұрмақ жарты кесек еттің өзін жөндеп бермейсіңдер.
Тамақтарыңның нəрі қайда, түге?!
Асан: Мен аспаз болғалы дəмсіз тамақ істеп көрген емеспін, ақсақал.
Ахмет: Əй, шырағым, жариялылық заманда шындықты жасыру –
қылмыс. Өзің айтшы осы қазақ қой сойса, бас-сирақ асып, қуырдақ қуырып
берекесі кіріп қалушы еді, ал сендер сойған қойдың еті қойыртпаққа да
жарамайды. Онысы несі? Бас қайда? Жамбас қайда? Құйымшақ, құйрық,
бүйрек май дегендерді көрмейміз, бұл сендерге не болған, түге?! Айтшы
шындықты...
Асан: Аха, біздегі дəстүр бойынша, сойылған қойдың басы мен
ұлтабарын бастықтың үйіне жібереміз, немесе осындағы оның сыйлы
қонақтарына асып береміз.
Ахмет: Ал жарайды. Бастан басқа қой етінің қоңы, берекесі қайда, түге?!
Асан: Өзіңіз де жөн білетін ақсақалсыз ғой «құйрық мойын қойды
баққандікі» дейді қазақ, сойылған қойдың құйрығы мен мойын омыртқасын
мен алып қаламын.
Ахмет: Қойды баққан сен емес қой, құйрық-мойында сенің не қақың
бар?
Асан : Ойпыр-ау, енді, қой бақпасақ та, оны сойып, жайғап жүрміз ғой
енді. Қой сойғанға қол үздік беретін салтымыз бар емес пе, ақсақал?
Ахмет : Солай ма?... Ал сылпылдақ қуырдақ жасайтын ішек-қарын, өкпе
бауырды қайда жібересіңдер?
Асан : Қазіргі жастар ішек-қарынды жек көреді. Қойдың ішкі дүниесін
түгелдей бастықтың овчарка итіне апарып береміз, менің де итім қарық боп
қалады.
Ахмет : Асан інім, астың дəмін жойып біткен екенсіңдер. Ал қант-шай да
оңып тұрған жоқ... шаруашылықтың омартасы бар емес пе? Балсыз, қантсыз
қара шай ішіп, жүрегіміз қарайып кетті ғой, түге!
Асан : Бал жөнін акимат біледі, ал қант деген қазір дефицит зат болды
ғой, ақсақал.
Ахмет : Қант қант заводы берген қант қайда, түге?
Асан : Қазір ауылдың қоймасы түгіл, қант заводынан қант таппайсыз.
Көтеріп алушар көбейіп кетті.
Ахмет : Олар не істейді, сонша қантты құртып?
Асан : Самогон жасаушылар көбейіп кетті, ақсақал. Жекеменшік құқы,
капиталистік мақсат бар қазір... Кейбір дүниеқор, саудасы келіссе, сізді де
сатып жіберуі мүмкін.
Ахмет : Қой, інішек! Сен мені оңдыратын емессің. Ей, ең болмаса
ауылдан жинап, қаймақ-сүт əкеліп тұрмайсыңдар ма, түге?
Асан : Қаймақ ашып кете ме деп, нетіп, асханада қызмет жасаушылар
бөліп, құйып алады. Свежий қаймақты уақытысында беріп жүрміз ғой ...
Ахмет : Ең ақыры жылқы фермасынан қымыз алдыруды да білмейсіңдер.
Сендерден не үміт, не қайыр. Ішегім шұрылдап, жағым қушыиып жағдайым
болатын емес. Мен қайтайын, інішек. Үйге барып, кемпірімнің шайын ішіп,
шылқа майға тойып, өмір сүрмесем болмас, түге.
Асан : Енді сіз бөлекше күтеміз, ақсақал, кетпеңіз.
Ахмет : Құлқынға бағынып, құдайды да ұмытыпсыңдар, түге! Жалғыз
мен елге тірек болам ба? Күтсеңдер, халықты күтіңдер!
Асан : «Жақсы сын-бағдар шам» деген екен, ақсақал. Сынды
мойындаймыз! Түңілмеңіз, түзейміз мінді...
Дауыс : Қарттың біл қасиетін,
Қадірле өсиетін.
Достарыңызбен бөлісу: |