Əдібай Табылды



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата28.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#671
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

 
БІЛІМ МЕН АҚША  
Ақша тұрып мақтанды: 

Бақсам, сенің құның жоқ!  

Білім сырын  ақтарды:  

Ғылым барда мұңым жоқ!  
 
Қырт ойлап тек бас қамын,  
Құлы болар ақшаның.  
 
ЖАЛҚАУЛЫҚ ПЕН ҰЙҚЫ  
 
Көнді ұйқы жалқаулыққа:  

Қырсық болдың адамға! – деп.  
Екіленді жалқаулық та:  
Кінə жалқау наданда! – деп.  
 
Жалқаулық пен ұйқы басқан  
Надан жаман сиқы қашқан. 
  
КІРПІНІҢ КІНƏСІ  
 
Ұрсып,  сөгіп, сыбап ап:  

Достар кетті қарамай! –  
Деді кірпі кінəлап. 
Кейіді «дос таба алмай».  
 
Түрпі сөзі – боспа, нас,  
Кірпідей қырт дос болмас. 
  
ҚАЙРАҚ ПЕН ҚАЙШЫ  
 
Қайшы сөкті: - Қайрағым,  
Неге денең мүжілді?..  

Өйткені, дос, қайрадым:  
Өткірледім жүзіңді.  
 
Пес дос тіпті без мейлі, -  
Еш достықты сезбейді.  
 
МИ МЕН ТІЛ  
 
Ми тілге өкпеледі:  

Сөзіңнің бəрі нас, - деп.  
Тіл миға өкпеледі:  

Иең қырт, əрі мас, - деп.  
 

Қылжыңның өзі пасық,  
Мылжыңның сөзі – сасық.  
 
ТЫШҚАННЫҢ ҚУАНЫШЫ  
 
Тыраштанып, сезбей тышқан қақпанды,  
«
Бір аш қалып көргем жоқ!» - деп, мақтанды.  
«
Тегін тамақ» деді жемді тапқанда, -  
Жан тапсырды, қапқан белден қапқанда.  
 
Тегін асқа мəз болып, тым мақтанба:  
Тез түсерсің нəпсің құрған қапқанға.  
 
ШОҢАЙНА МЕН КӨКТОРҒАЙ  
 
Шоңайнаның гүлдеріне қызыққан  
«
Оңай бағым!» деп ойлаған көкторғай, -  
Қонды гүлге, - тіккен кіріп, «қызықтан»  
Безіп кетті, шоңайнада шоқ бардай.  
 
«
Ару» - дұшпан тікенектей тілімен:  
Жар көрікті мінезімен, біліммен.  
 
 
ЖАН МЕН ТƏН  
 
Қу нəпсі нарық бұзып «қағынғалы»,  
Тəн жанға, ой ақылға бағынбады:  
Байып тəн, арақ - аспен оқастанды,  
Хайуан қатарында топастанды.  
 
Артық  ас – тəн азығы – тəн  азабы:  
Болмаса жан азығы жан  азады.  
 
ҚЫРАН МЕН АДАМ  
 
Қыран: - Менен қайтсең де кемсің! деді:  
Қанатсыз деп, адамды менсінбеді.  
Адам: - Мен де ұшам, - деп, күлімдеді:  

Аспаным – ой, қанатым – білім, - деді.  
 
Білімсіз ой – түйінсіз, түс елес де,  
Білімсіз жан қанатсыз құс емес пе?  

УЫҚ ПЕН ШАҢЫРАҚ  
 
Шаңырақ шалқайып тіл қатты: 
Үй сəні – менмін ең  қымбатты!  
Сөз айтты уық та: - Шырағым!  
Сені мен төбеме шығардым...  
 
Басына көтерсе сүйіп көп, -  
Тасыма сол көптен биіктеп.  
 
САҒАТ ПЕН ҚОҢЫРАУ  
 
Қоңырау соғылды да, сыңғырлады,  
«
Сағатты жүргіздім!» - деп, сылдырады.  
Ал сағат өз міндетін атқарғалы,  
Ақырын сыртылдады,-  мақтанбады.  
 
Мақтаншақ қол соғады омырауға:  
Ұқсайды сылдыр, қуыс қоңырауға.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ШЫМШЫМА ШУМАҚТАР 
 
 
Əкім қып, сайласа сүйіп көп,  
Əкімдік арыңды биіктет:  
Дерттеніп, ақшаңа күл болсаң,  
Өртеніп, «ақшаңмен» күйіп кет.  
 
Шыншыл сөз өсірді бағымды, -  
Күншіл ез сындырды сағымды, -  
Ақырын əр істің  саралап,  
Ақылым тағдырға бағынды.  
 
Табиғат құбылды, көз көрді:  
Жамиғат жаттанып, өзгерді,  
Зарана күйік боп ойлыға,  
Замана илеп жүр ездерді.  
 
Жамандық жақсыға көшпейді,  
Жаман құқ қара дақ өшпейді:  
Қыл үсті əділдік, шындық та, -  
Қылмысты  ешқашан кешпейді.  
 
Адамдық құлықты сезбеген,  
Арамдық құлықты көздеген:  
Еңбексіз баюды көздеген, 
Ең тексіз кез болдым езбенен.  
 
«
Ешкімге кетпесін есем» деп,  
Ескүзе, жалақтап, «жесем» деп,  
Ұлтының қанын да соратын 
Құлқынын ойлаған «көсем» көп.  
 
Саудаға салақ та үйренді: 
Сауғаға бас тігер күйге енді, 
Сатқыш паң сатып жүр арын да, 
«
Сатқыштан» бүкіл ел жиренді. 
 
«
Ақылды қауым» бар кілен бек: 
Ақылды тындамас «білем» деп, 
Ездер тым «білгіш» боп, ел бұзды, 
Ел дертін жазады кім емдеп?! 
 

Тəн асын толықтап, тойған нас, 
Санасын сан кеңес бойламас: 
Ақыл,іс, əдеп жоқ ондайда, 
Нақұрыс ертеңін ойламас. 
 
«
Солқылдақ замана бітті!»-деп, 
Тоңқылдап, тон пішкен «мықты» көп: 
Алысқан күрестің жеңісін 
Алыстан көреді дықты тек. 
 
Табысын тартып жеп басқаның, 
Тағы қың ойлаған бас қамын: 
Құжырдан айырып ондайды, 
Ұжымнан «шығарып» тастадым. 
 
Ақымақ тойса мəз-күлегеш: 
Ақыл-бақ,қисыны бұл емес, 
«
Ақылын» айтса,елге жетпей жүр: 
Ақынның күні де күн емес. 
 
Адал кім? Арамды көп асап, 
Адамның нəсібін тонасақ?! 
Арлы кім құлқынды тыймасақ, 
Қарғысын айтпай ма болашақ?! 
 
Топасқа сынатпа ісіңді, 
Топасша қайтарар місіңді: 
Сайлама мазмұнсыз мақсатқа, 
Пайдаға жұмыса күшіңді. 
 
Кімде-кім асырып «айласын», 
Күнбе-күн ойлап бас пайдасын, 
Санаушы болса жеу қайласын, 
Қанаушы екенін ойласын. 
 
Қу қулық, күншілдік, арамдық, 
Қуқылық,  пасықтық,сараңдық, 
Əңгілік əкелмес саған құт: 
Мəңгілік игі ісің-адамдық. 
 
«
Ойым да, ісім де дұрыс!»деп, 
«
Ойына» берілген қырыс көп: 
 

Қырысып оңына баспайды, 
Қырыстық бар жерде,ұрыс көп. 
 
Жалынды болсаң сен шын «мықты» 
Жаныңды-сүйе біл-шындықты, 
Сүйе ме əділ жұрт «дүндікті», 
Сүйеме қыңырлық,қыңдықты. 
 
«
Толдым!» деп,байлығың асқанда, 
«
Болдым!»деп,қарама аспанға: 
Ой,білім болмаса,судай боп 
Байлығың төгілер тасқанда. 
 
Монтаны жылпосқа сенбе,дос, 
«
Қолқалы» сөзіне көнбе бос, 
Аманат көреді қиянат, 
Амалдап алдар ол,өң бермес. 
 
Өсекшіл зұлымдар есеппен 
Өсекті момынға сес еткен, 
Амандық, достықты бұзатын 
Жамандық келеді өсектен. 
 
Саудагер ант ішіп алдайды, 
Дауда кер «салт» пішіп алдайды, 
Жақынның қылмысын жасырып, 
Əкімнің ұяты қалмайды. 
 
Құлқынға тойым жоқ,жамағат: 
Құлқыңа бек қонсын қанағат. 
Алқынба,тойымсыз өмірден 
Артыңда қалады жаман ат. 
 
Қызғаншақ қырт істеп залымдық, 
Біз қанша азапқа салындық, 
Адамдық əдепке табындық: 
Адалдық ниетті сағындық. 
 
«
Басие» болған ез наданға 
Бас име,ол қырыс əманда: 
Ақыл-кен,сабыр-бақ,іс-жеңіс, 
Ақылмен ісіңді адалда. 
 

Сөзіне тұрмайтын нас адам 
Өзіне қиянат жасаған. 
Халқына қайрымсыз, қас надан 
Салтына қиянат жасаған. 
 
Қоқсық сөз-ауыру, «құлғана», 
Қоқсып ез сөйлейді тұлдана. 
Тіл шатып бүлдірер, аузыңды 
Былапыт сөздермен былғама. 
 
Бөспенің бөрліккен «атағы» 
Өспеді,өмірін матады: 
Аядым,осындай тасудың 
Аяғы құрдым боп жатады. 
 
Əкімің білмесе əдепті, 
Əркімнің «миын жеу»-əдеті, 
Сыртына шығар «жын» мінезі, 
Жұртына салады əлекті. 
 
Есірік шегуді тыймасаң, 
Есіріп, «гəйіпті» қимасаң. 
«
Дəуренді» жаса да,мүрдем кет, 
Сəулелі əлемге симасаң. 
 
Кесірлі əйелің –тозағың: 
Есірді еселеп мазағын, 
«
Өзгеше» қинайды жаныңды, 
Өлгенше көрсетер азабын. 
 
Ойында Керден сəн қалған жоқ,- 
Боында жарасым, талған жоқ. 
Жалаң аш сəн қуып, ол енді 
Жалаңаш жүрмекші Тарзан боп. 
 
Жақтаса, топасқа ересің, 
Бақ тайса Құдайдан көресің, 
Адалдық етпесең,  өмірден  
Надандық «қоқсығын» тересің 
 
«
Жақсымын?» дейің-ау, есер қың, 
Жақсыны жамандау-кеселің. 
Өзіне соққы боп «есебің», 

Кезінде қайтады меселің. 
 
Дос емес есірік сыйлаган, 
Дос емес жаныңды қинаған: 
Жаны асыл нағыз дос-иманды, 
Жанашыр, қамқоршы, сыйлы адам. 
 
 
Байлығын пес ұстай алмаған, 
Қайғы-мұң жеп, Өзін қарғаған: 
Кім ие құты жоқ байлыққа?! 
Дүние кімдерден қалмаған?! 
 
Парақор ашты да аранын, 
Жалақор өртімен жаланың 
Қорлады, адамдық арымды: 
Орнады басыма нала-мұң. 
 
Партия болдық  та, бөліндік, 
Əр қия мақсатқа теліндік: 
Не пайда бөлінген сен пестен 
Не пайда таппаса елің құт?! 
 
Кінəмді іздеген, дұшпаным; 
Күнəмді қатемді ұстадың: 
Қастасып өмімге салсаң да,  
Достасып, шындықты ұстандым 
 
 
Құтылмай күншілдік кəрінен 
Жұртым-ай, мұңлымын əлі мен: 
Жақсылық жасаған жақын аз 
Жатсынып кетем бе бəріңнен?! 
 
Нас басшы бақ санап зорлығын, 
Нас басты үдетіп қорлығын: 
Татқызып зұлымдық уларын, 
Сəтсіздік мені де қор қылдың. 
 
Адалдың ақ ісін қаралап, 
Адамның жүрегін жаралап, 
Досын да сүрінсе, табалап, 
Қасыңда жүр зұлым- «қаражақ» 
 
Қастандық жасадың,- кешірдім, 

Қас, паң, қырт, қасардың, есірдің: 
Қыңырым, қаларсың өкініп, 
Ғұмырдың аларсың кесімін. 
 
Аз күндік бас аман тірлікте, 
Азғындық жасаған бірлікке, 
Салынған  надандық «ірілікке»  
Залымнан  адамдық сыр  күтпе. 
  
Досым-ау, не деген бақастық?!  
Осынау өмірде тақастық:  
Шайтандық азғырды топас қып,  
Сайтандық мінезбен шатастық.  
 
Бүліндік, көңілден күй кетті,  
Зұлымдық сенімді күйретті, -  
Көрімді қазғанмен, кінəмді,  
Көруді дұшпаным үйретті.  
 
Аяумен айтарым кесірге:  
«
Бояумен нұрыңды өшірме:  
Жалаң нас көрініп халыққа,  
Жалаңаш қалғанша шешінбе?».  
 
Əркімді шырмады құмарлық,  
Сарқылды ол дерттен кім  ар қып?  
Қой дер ек нəпсіге, ол үшін 
Ой керек ақылмен ұғарлық.  
 
Жалқаудың жазылмас «кеселі» 
Жалқау қың өз жолын кеседі:  
Сүйініп көрмеген кер қырсық 
Күйініп, өмірден көшеді. 
 
Сенде жоқ талғам мен жарасым,  
Пенде боп, азғындап барасың:  
Өзіңше «сəнқойсың», «дарасың»  
Сезінсең, ақылсыз шаласың.  
 
Зұлымға ешбір жан жақпайды,  
«
Ырымға» жақсылық таппайды, -  
Адалдық жөн айтып ізгілер 
Адамдық, бейнесін  сақтайды.  

Байқап бас, ойсыз жан шатастың,  
Байқатпас пəлеге батасың:  
Пайдаға арыңды сатасың,  
Қайда да малытығып жатасың. 
  
«
Жамағат, парасыз өлмессің 
Қанағат қыл неден кендесің?» -  
Десек те құлқынды тыймадың,  
Кесектеп «қақ» жеген «пендесің». 
  
Ез мүлде ғаламға симайды,  
Өзіне жақсылық қимайды:  
«
Амал» деп, алдауын тыймайды, 
Адам деп оны кім сыйлайды?!  
 
Ойлаған «дос» боп өз пайдасын,  
Қоймаған қулығын, айласын 
Надан құқ бұзып жүр ел ішін  
Адамдық – шын достық қайдасың?!  
 
Қосшыңды сөзіңмен атпағын,  
Досыңды ит болып қаппағын:  
Табады өз пейілінен, қу сұмды 
Қабады құрған өз қақпаны.  
 
Осы ма жұртымның тілегі? 
Досым да сүрінсем күледі:  
Сен жеңдің адамның иттігі,  
Пенденің үзілді күдері.  
 
Саудаға салған  пəк ғылымды,  
Тəубаға келтіріп зұлымды,  
Сотты сын айтатын  шындық бар,  
Соққысын  алар ез, жырынды.  
 
Пара жеп, бөккен сұм  ызбарлы 
«
Қара» деп ісінді «сызады», -  
Ез қыңның құрған өз тұзағы  
Өзінің өмірін бұзады.  
 
Балғындай балаға егесің –   
Шалғындай орасың – сөгесің :  
Жұлқындың, ез əке, түбінде  

Құлқыңның жапасын шегесің.  
 
Қас, əңгі, кінəмшіл ағайын,  
Қашанғы қабағын, бағайын:  
Жөн айтып, ақылдас болмасаң,  
Мен қайтіп көңліңді табайын.  
 
Ақылың нəпсіңді жеңбесе,  
Ақырың бітті де ендеше:  
Жақсыңмен жасауға бел бусаң,  
Нəпсіңмен күрес сен өлгенше. 
  
Шын ұқтым ниетін күншілдің,  
Шынықтым күресте шыншылмын!  
Əбілет басқанмен күресіп,  
Əділет шыңына құлшындым.  
 
Біл: ісің қың болса, өспейді:  
Қылмыстың қанды ізі өшпейді.  
Адам да, Алла да кешірер, -  
Əманда қынды өмір кешпейді.  
 
Іш-бөшке:«ішсең», дерттенесің:  
Ішпеске іштен серт бересің,  
«
Тоқ кісі» бір ішіп «шалқысаң,» 
Соққысын мың рет көресің.  
 
Бой созба зиянды тірлікке,  
Ой қозға береке бірлікке:  
Дұшпандық жасаудан аулақ бол,  
Іштарлық мінезбен дүрлікпе.  
 
Қолынан келер деп жақсылық,  
Момын жан артқанда жақсы үміт,  
Түңіле қорлаған залымның  
Түбіне жетеді нас құлық.  
 
Дос қыппын тəкаппар озбырды,  
Достықтың «киімін» тоздырды:  
Мін тағып, пəлесін қоздырды,  
Жын қағып, айласын оздырды.  
 
Жақын дос болсам да сенімді,  

Əкім дос ұсынба шенінді:  
Масқара болам ғой мен  ертең,  
Басқара алмасам елімді.  
 
Түйінді болмаса сөзіңіз;  
«
Қиын-ды», мылжыңсыз өзіңіз.  
Айласыз іс оңбас тірлікте,  
Пайдасыз сөзден де безіңіз. 
  
Намысын қорлаған  бір «мықты»,  
«
Табысым!»-деп, бөсті ұрлыты:  
Дұшпан бар осындай ел жегіш,  
Ұстаңдар амалдап «қылқұртты». 
 
Арынан артық деп пайданы,  
Арылған ұяттан «айлалы»,  
Алқымға қол салса ажалы,  
Артында қалады қай «малы»?!  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Скетчтер 
 
КЕСІРЛІ МІНЕЗ 
 
Қатысушылар: Шалтай - зейнеткер 
                             
Кертай – оның əйелі 
                             
Балдай - баласы.   
 
Шалтайдың  үйі.  Дастарқан  басында  дабыр  өршіп,  дау-дамай 
басталады.  
 
Шалтай. Кереке, осы сен шал күтуге, былай, нетіп бейімделсеңші.  
Кертай.  Қойшы,  ей!  Неменең  «күтілмей»  жүр.  Жынымды  қоздырмай, 
жайыңа отыр...  
Шалтай.  Менің  «қойшы»  болғаныма  жиырма  жылдан  асты...  Көптен 
бері «жыныңды қоздырмай», былай нетіп, маған жылы жүзбен қарағаныңды 
қойдың ғой, өзі!  
Кертай.  Мен саған  елу жыл қызмет еттім... сең жақсылығымды жадыңа 
сақтамайсың, отағасы. 
Шалтай. Кереке, елу жыл емес, отыз жыл отағасы деп сыйладың, одан 
соң  мен  саған  «қойшы»  болдым.  Қит  етсем, «қойшы»  деп,  бетімді 
қайтарасың. Саған осындай кесірлі мінез пайда болды. 
Кертай.    «Қойшы»  деп,  мен  саған  қой  бақтырдым  ба?  Қайдағы-
жайдағыны айтып, басымды қатырмай отыр.Есалаң болмасаң...  
Шалтай.  Кереке, «есалаң»  деме,  еліме  елеулі  болған  адаммын.  Былай, 
нетіп, басиеңе басынбай сөйле.  
Кертай. Мен сені қашан басындым?! Елу жылда жатсаң, жастық болдым 
ғой саған.  Көрлат болмасаң, сол еңбегімді бағалар едің! (Жылап жібереді).  
Шалтай.  Кереке-ау! «Кесапат»,  деген  сөз  ауыр  болады.  Жас  кезімде 
«
Шалтайым!» «Шалым!» деп, құшақтаушы едің ғой... Есіңде ме?  
Кертай.  О,  алжыған!  Енді  сені  құшақтауым  керек  екен  ғой...  Ұят-ай! 
Мына сөзіңді балалар естімесін. Сенің осындай «жының» бар...  
Шалтай.  Кереке!  Мен  алжыған  жоқпын.  Қазір  мені  құшақта  деп 
отырған  жоқпын.  Сөзге  түсінсеңші...  Бір-бірімізді  сыйламсақ,  бізді  кім 
сыйлайды. Мен-отағасымын. Мен-сенің піріңмін! Білдің бе?  
Кертай. О, жалмауыз! Сен маған баяғыда пір болғансың...  
Шалтай.  Кереке! «Жалмауыз»  деген  сөздің  мағынасын  білесің  бе?! 
Сенің осындай жаманатың көбейіп барады. Соны қысқарт! Əйтпесе, мен шал 
да болсам, еркекпін, былай нетіп, нетуім мүмкін.  
Кертай.    «Еркек  болсаң»  не  істемексің?  Қылқындырасың  ба?  Мəəə! 
Қылқындыр! Қылқынып өлгір... 

Шалтай.  Кереке!  Сен  мені  «қылқынып  өлгір»  дейсің.  Ондай    қарғыс 
айту  саған  лайық  па?  Шатақ  осындайдан  шығады.  Сен  менің  еркектігімді 
былай нетіп, жынымды ұстатпа.  
Кертай.  «Еркектігің ұстаса» бар анау Кемелдің кемпіріне! Қайтарыңда 
дүкеннен сүт ала кел! Дүкенге де, базарға да мен барамын. Сен жатып ішер 
болдың, отағасы...  
Шалтай.  Кереке,  кесірленбе.  Жасың  келгенде,  жақсы  сөз  айта  алмай 
барасың. Егер тату болмасақ, жалған өмірдің жарты минөтінің де керегі жоқ 
маған!  
Кертай.  Сонда не? Өлесің бе?  
Шалтай.  Кереке!  Қазақта  «екі  қошқардың  басы  бір  қазанға  симайды» 
деген мақал бар. Екі қарт адам бір үйге симайды екенбіз...  
Кертай.  Сонда не істемекшісің? 
Шалтай.  Кереке!  Мен,  Балдай  баламның  үйіне  барып  тұрамын.  Сен 
оңаша қалмасаң, тілің өсіп барады.  
Кертай.    Онда  барсаң  орақауыз  келінің  ондырар  сені.  Ішкенің-ірің, 
жегенің-желім болып, ішқұса болып өлерсің, байғұс.  
Шалтай.  Кереке!  Келін  десе,  кесір  айдап,  тілдеп,  міндеп,  былай  нетіп, 
есің ауып қалады. Оның не?  
Кертай. ... залым  келін  запыран  құстырған...  Қорлаған  келінді  қорғап 
шыға келесің. Отағасы,ондай сөзді айтпа маған...  
Шалтай. Келін ол да балам. Тіл табысармын. Мен кетемін.... (Шалтай 
жинала бергендежүрегінің талмасы ұстап қалады).  
Кертай. Не болды, ей?  
Шалтай. ...Су! Су! (Шалтай құлайды).  
Кертай. Ойбай! Алла! Кешіре гөр! Ойбай! Бақытым! Басием-ау! Есіңді 
жи! Шалкем-ау! (Анасының ойбайын естіпБалдай келіп қалады).  
Балдай. Əəуана! Бұл қалай? Көкеме не болған?! 
Кертай. Же-же-жее! Жедел жəрдем шақыр, ойбай! 
Балдай.  (Шалтайдың  басын  сүйеп)  Əуана!  Көкемді  қажап,  қорлап 
отырасыз...  Сол  мінезіңіздің  кесірі!  (Шалтайдың  төс  қалтасынан  дəрі 
алып иіскетеді). Көке! Көөкее! Дəрі иіскеңіз. Есіңізді жиыңыз.  
Кертай.  Жедел  жəрдем  шақыр!  Ой-боой!  Басием-ау!  Байтерегім-ау!  
Байтерегім-ау! 
Балдай. Əуана!Бұл не сұмдық! Көкетай! Есіңізді... (Жылайды).  
Кертай.  Бəріне  де  мен  кінəлімін!  Тілім – жаман!  Кешір  мені... 
Шалжаным-ау! (Жылайды).  
Шалтай. (есін жиып) Жылама, Кереке! Мен өлген жоқпын... Ойбай-ла-
ма!  
Кертай. Шалтайжаным-аау! Момыным-ау! Енді саған жаман сөз айтсам, 
тілім байлансын!  
Шалтай. Кереке, төрімізден көріміз жақын. Өлсек, сыйласып өлейік.  

Кертай.  Кесірлі  мінезімді  кешір,  Шалтеке! «Құдай  тобаны»  ұмытып 
кетіппін.  
Балдай.  Көке,  сабырлысыз  ғой,  Əуанамның  артық  сөздерін  көтеруші 
едіңіз ғой...  
Шалтай. Мен бəрін де «көтеремін» балам. Бірақ күнə мен кемшіліктерді 
өмір кешірмейді. Əрбір күнəнің өмірде өшпес ізі қалады...  
Кертай.  Мына  жағдай  сыйласудың  қымбат  екенін  жүрегімнен  өткізіп, 
санама жеткізді, Шалтеке.  
Шалтай. Кереке! Біз осылай түсінуші едік қой, бəсе! (Күлімдейді)  
Балдай.  Көке,  Əуана!  Кəне  құшақтасыңыздар!  (Олар  құшақтасады). 
Міне! Осылай, қалған аз өмірлеріңізде тату болыңыздар!  
Кертай. Мақұл, балам! Аллам жар болсын!    
 
ДауысӨз жарың – қимасың
               
Өлгенше сыйласқын. 
 
МАҚТАУ 
 
 
Қатысушылар: Мақан-басшы,  
                             
Маубас-оның досы.  
Сахнада Маубас пенМақанМақан сөйлеп тұр. 
 
Мақан ( Қөпшілікке  қарап):  Ардақты  ағайындар!  Құрметті  құрбы-
құрдастар!  Бүгін  біздің  арамызда  елімізге  елеулі,  халқымызға  қалаулы 
қадірлі азаматымыз Маубас отыр! (Ду қол шапалақтау). 
Маубас: Жə! Болады енді... Рахмет, ағайын... 
Мақан:  Біздің  Маубас  бала  күннен-ақ  оттай  лаулап  шыққан  жалынды 
азаматтарымыздың бірі. Бұл өзі алты жасынан бастап-ақ ауыл балаларының 
атаманы болды... Болған... 
Маубас:  Ой,  қасқа!  Балалардың  бастығы  болғаным  рас.  Ол  кезде 
«
атаман» деген атақ тек төбелесте женген балаға ғана берілетін... 
Мақан:  Біздің  Мəкеңнің  осы  уақытқа  дейін  қаны  бұзық 
қаныпезерлерден  беті  қайтқан  емес.  Бұл  өзі,  жасы  келіп  қалса  да,  жақсы 
төбелеседі.  Каратə,  у-шу,  шу-шу  тəсілдерінің  бəрін-бəрін  менен  де  жетік 
біледі...Тасыр-тұсырда талайлардың танауын ісірді бұл. 
Маубас:  Ой,  қасқа!  (Қоқаңдап)  Дұрыс  айтасың!  Құдайға  шүкір, 
қақтығысқанның  қанын,  соқтығысқанның  сөлін  ағызуға  күш  деген  жетеді! 
Бұл  заманда  өз  дəрежеңді  өзгелерге  көрсете  білмесең, «ынжық»  атанасың 
солай емес пе? 
Мақан:  Əп,  бəрекелде!..  Дұрыс  айтасың!..  Біздің  Мəкең  той-
тамашаларда осындай мəжілістерде екі түрлі қасиетімен ел құрметіне бөленіп 
жүр. Біріншіден, бұл ұлттық тіліміздің мерейін арттырып, ұзақ сөйлеп, əрбір 
бас қосқанда бір жаңа сөз тауып айтады... Ол «нəсият» елдің аузында қалады. 

Екіншіден, бұл өзі арақты «біртартар» етіп қырлы стақанмен, немесе жарты 
литрлік кесемен бір-ақ тартады, қызады, бірақ мас болмайды. 
Маубас: Ой,қасқа! Сол да сөз боп па?! Көтереміс, көтерген соң ішеміс! 
Мақан:  Əрине  сөз  болады.  Мысалы,  дастарқан  басында  айтқан 
«
тағамдарыңыз  тартымды  болсын», «тəбетіңіз  тартымды  болсын»,  деген 
сөзіңізді талай мəнгүрттер осы уақытқа дейін  жаттай алмай, қор болып жүр. 
Ал сіз көтерткен тостыңыздан соң , ішкенін көтере алмай, топастар тоңқайып 
қалады..  «Ас болсын!» дейсіз. 
Маубас: Білеміс, білген соң айтамыс! 
Мақан:  Ардақты  ағайындар!  Біздің  Мəкеннің  бүткіл  елге  атағын  
шығаратын  тағы  бір  таңғажайып  өнері-бұл  өзі  картаның  майын  ішкен. 
Преферастың шаңын суырып, «күлістің» күлін сыпырған сабаз-осы! Əлгі осы 
күнгі    кейқуаттардың  күн  көріп  жүрген  «үш  карта», «бес  карта»  деген 
қитұрқы ойындарының бастауы-біздің Мəкең! 
Маубас:  «Өнеріңді  үйрен,  үйренде  жирен»  деген  ғой  қазақ  атамыз. 
Карта-  өнердің    шыңы  ғой  шіркін!  Карта  ойнамайтын,  арақ  ішпейтіндер  де 
өздерін адам санатына қалай қосады, я не понимаю!.. 
Мақан:  Бір  қызық  əңгіме  айтайын  сіздерге.  Мəкең  арақты  қырлы 
стақанмен  «біртартар» жасағанда, кеңірдегі керіліп, қалқан құлақтары қанат 
қағады да, бір сəтте өзі қызара бөртіп, қырланып сала береді!..Содан ақылы 
кіріп абыройына мінеді де, картаны үндінің баяғыдағы Радж Капуры сияқты 
ойыншысынан  артық  ойнайды..Тұз  бен  карольдың  сыртынан  көретін 
телепатиясы бар. 
Маубас:  Ой,  қасқа!  Ондай  құпияны  айта  берме...Ал  арақ  ішу  жөнінде 
мақтануға болады. Өткен заманда, құдай көрсетпесін, арақты шелектеп іштік 
қой... Бірақ біз ол уақытта қазіргі ши бұт, ши-ши бақайларша арақтан жеңіліп 
жеңілтектенген емеспіз! Ішуді білеміс!.. 
Мақан: (масаттанып)..Мəкең бір тартқанда бір қап  əңгіме айтып, сөз 
кезегін  бермейді,  екі  тартқанда  ерекше  нұрланып  əн  айтудан  алдына  жан 
салмайды, үш тартқанда үндемей жата қалады. Бұл-ерекше қасиет. 
Маубас:  Қазіргі  жастар  ішсе,  əңгімелесіп,  жесе  желкелесіп,  есіңді 
шығарады.  Құданың  құдіреті  адам  еліктейді  екен.  Кейде  кежілдесіп,  менде 
солардың солақайына қосылып кететін болып жүрмін... 
Мақан:  Мəке,  қайта  сіздің  ондай  опыр-топырға  қосылғаныңыз  жақсы. 
Қазір  кеудемсоқ  кесапаттар  мен  өркөкірек  өрөкпелер  көбейіп  кетті, 
«
жариялылық» деп жүгенсіз құлық көрсетіп, ойына келгенін құса салатындар 
пайда  болды.  Солардың  көкесін  танытып,тұмсығына  шоқпардай 
жұдырығыңызды біраз «сүйкеп» алсаңыз, сауап болады. 
Маубас:Үлкенді  сыйлау  кішіге  ізет  көрсету  сияқты  имандылық  ғадет 
кейбір  қазақ  баласынан  қалып  барады...  Сондай  сойқандардың  біразының 
əкесін  танытып,жөнге  келтіріп  жүрмін...  Құдайға  шүкір,  əзірше  күш  бар, 
ақылдан алжасқан жоқпыз дегендей... 

Мақан: Міне, ағайындар! Мəкеңнің жастарды  тəрбиелеудегі еңбектері 
ұлан асыр. Оны адам бағаламаса да Құдай бағалайды! 
Маубас:  О,  қасқа! «құдай  бағалайтын»  мен  құдайдың  құлағынан  түсті 
ғой  дейсің  бе?  Адамгершілікті  адам  бағаласын!  Мені  бағалай  білмеген  кер 
қисық кесепаттарды өзім-ақ жөнге салып, тəубасына келтірем!   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет