«Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, Сапалы білім, Табысты ұлт»
Тәрбие сағаты
Құрметті білім алушылар! Көздеген мұрат-мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын. Жұртқа жағымды, елге сүйкімді қалыптарыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра беріңдер!
Сабақтың мақсаты
Бүкіл адамзатқа ортақ тәрбие талабы – адам баласын адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу.
Өскелең ұрпақты үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ар-намысты, ұятты бетке ұстау мен өнер-білімге құштар болуға үйрету.
Алғашқы білім күні мерекесі қарсаңында білім алушылардың бойындағы оқуға деген құштарлығын арттырып, жаңа оқу жылында белсенді болуға ықпал жасау.
Оқушылардың білімге деген оң көзқарасын ұлтжандылығын, мінез-құлық негіздерін қалыптастыру.
Өскелең ұрпақты адалдыққа, патриоттыққа, ізденімпаздыққа бағыттау.
Отанға деген сүйіспеншілік ата-анаға, туған-туысқа, ұлтына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Отанға деген сүйіспеншілік ата-анаға, туған-туысқа, ұлтына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Мен өз елімнің патриотымын! Мен ... ары қарай өз ойымызбен жалғастырайықшы
Кері байланысҚұрметті оқушылар, бүгінгі алғашқы білім күніне орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға белсенді қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіремін! Ұсынып отырған құнды, тың идеялараға толы пікірлеріңізді ары қарай да шыңдай беріңіздер!
Сабақты қорытындылау
Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты – өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу.