«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты прездент жолдауы Мақсаты


ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ



бет2/4
Дата16.04.2023
өлшемі37,11 Kb.
#83303
1   2   3   4
Байланысты:
Әділетті мемлекет

ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды \РО» тәсілін де қолдануға болады. 
«Самұрық-Қазына» қоры жеке инвесторлар дербес жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға инвестор ретінде қатыса алады. Мұндай жобаларды Президент анықтайды.
Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуатын арттыру.
Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дӘлізі болып отыр.
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. 
Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.
Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.
Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.
Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес.
Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету.
Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек.
Сондай-ақ, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын.
Сол себепті мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болу шарт.
Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн.
Студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыруға болады.
Жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлар білім беру экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс.
Мақсатты капиталдың мұндай қорлары әлемдегі озық университеттерде ғылымды және инновацияны қаржыландырудың өзегі саналады. 
Еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы.
Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.
Жастар нақты бір мамандықтың
қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн.
Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады.
Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек.
Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр.
Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр.
Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. 
Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек.
Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз.
Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет