Стикер
Біраз уақытта болған ілгерілеуді немесе бүкіл сыныптың кері байланысын көрсетуге арналған визуалды құрал.
Бағдаршам
Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады (мысалы, қызыл түс =БАРЛЫҒЫ, сары түс =КӨБІ, жасыл түс=КЕЙБІРІ).
Бас бармақты жоғары немесе төмен(қолдаймын, қолдамаймын)
«Бағдаршам, «стикерге» ұқсайды, бірақ кейбір оқушылардан өз таңдауларын түсіндіруді сұрай аласыз.
Сынып ішінде жүру
Əртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың əр бұрышы «толықтай келісемін», «келісемін», «келіспеймін, «толықтай келіспеймін» деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін
суреттің жанына тұрыңыз; 3) дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.
Өзара жəне өзін-өзі бағалау
Оқудың күтілетін нəтижелері оқушыларға түсінікті əрі
анық болу керек, сол арқылы оқушылар олардың біраз немесе барлық бағалау критерийлеріне
жеткендігін анықтап, нені жақсару керектігін белгілей алады.
Анықтаңыз:
- Басқа қандай пəндерде олардың оқуы пысықталады немесе жақсарады?
- Оқуды жақсарту үшін ақпаратттық- коммуникациялық технологиялар қай Жерде пайдаланылады?
- Оқушыларға білім беру бағдарламасы аясында «құндылықтар» қалай оқытылады?