Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет25/79
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84037
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
 
«Домино - 2» 
 
Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка 
қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған 
карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне байланысты 
әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы мүмкін. Ең 


36 
бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы бар келесі 
ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір әңгіме айтылып 
шығады.
 
«Достармен кездесу уақыты» 
 
Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне 
ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, 
сенің
көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам 
деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген 
оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады. 
 «Дұрыс емес пікір» 
Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз. 
Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» фразасын 
қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының дұрыс емес 
бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.
Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру 
болмайтын атмосфера орнатады.
«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап көрейік...».


37 
 
«Егер ..., онда не болар еді?» 
Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның 
шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы, 
«Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса
онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?» 
«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...» 
«Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда» 
Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін 
арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет