39
Бұл әдіс «ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім
сабақ барысында қарастырылған
жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не
үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы
өз пікірін қағаз бетіне
түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде,
оқушылар өз
жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты
ұжымда оқуға болады.
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға,
оған сын көзбен қарап, ойын
түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
«Еркін пікір»
Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат,
шағын ғылыми
жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен қатар,
сөйлеу
және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: