Әдістеме пәнінің зерттеу нысаны


оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді



бет2/4
Дата28.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#77050
1   2   3   4
Байланысты:
ҚТОӘ семинар

оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді
және тиімді әдістері мен тәсілдерін зерттеу және сипаттау;
қазақ тілі
пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
Гүлмира
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымы - кештеу қолға алынып,кенжелеу дамыған ғылымның бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі қалыптасуының негізі А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ғалымның «Баяншы» атты еңбегі - бастауыш сыныпта қазақ тіліноқыту әдістемесінің ең тұңғыш үлгісі.
Еңбек 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлімінде «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері», 2-бөлімінде «Дыбыспен жаттығу» мәселелері сөз болады. Яғни ғалым қазақтілінің дыбыстық құрамын, олардың жіктелуін, сөз ішінде айтылуынталдай отырып, қазақ тілінің заңдылығына лайықтап 24 әріптен (оның 5-ідауысты) тұратын алфавит түзеді.
Қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін алғаш жазған ғалым-Ш.Х.Сарыбаев. Оған ғалымның екі бөлімнен тұратын «Қазақ тіліметодикасының кейбір мәселелері» атты еңбегі дәлел.
Ш.Х.Сарыбаев -мұнымен қоса орыстарға қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тұңғышеңбек жазып, кандидаттық диссертация қорғаған ғалым. Бұдан әрі қазақтіл білімінің жеке салаларын оқыту мәселесі қолға алынды.
Сымбат
1965 жылы Д.Әлімжанов пен Ы.Мамановтың «Қазақ тілін оқытуметодикасы» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте қазақ тілін оқытудыңнегізгі міндеттері, ғылыми негіздері, басқа пәндермен байлаңысы, білімберудің әдістері мен тәсілдері т.б. алғаш рет жүйеленіп, ғылыми негізде баяндалды.
Қазақ тілін оқыту мәселесіне қомақты үлес қосқан Б.Құлмағамбетованың «Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері»«Қазақ тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану» т.б.,Б.Кәтенбаеваның «Сөз құрамын оқыту», «Морфологияны оқытуметодикасы» т.б. әдістемелік зерттеулерін, Х.Арғыновтың жай сөйлем,құрмалас сөйлем синтаксисін оқытуға арналған әдістемелік еңбектерін атауға болады.
Қазақ тілін оқытуға байланысты жарық көрген қомақты еңбектің бірі-1988 жылы шыққан «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты еңбек. Бұлеңбекте орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелеріне (Б.Құлмағамбетова),фонетиканы (М.Дүйсебаева),лексиканы (А.Айғабылов), сөздердіңжасалуын, морфологияны (Б.Кәтенбаева) және орфографияны оқытуға (Қ.Жолымбетов) үлкен мән берілді. Ғалымдар өз салаларын ғылыминегізде, жүйелі, білім берудің талабына сай толықтырды.
Элизия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет