ғылымының міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі,лексикологияны оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі,морфолоғияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі т.т. Деп аталуының өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық,синтаксистік талдаулар әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздеріжәне мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзініңбұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Онда мынадай мәселелерге
көңіл бөлінеді:
1.Қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері мен оның әдістемесі. Бұл
бөлімде мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаттары мен міндеттері, мазмұны
мен көлемі, қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтары, қазақ тілін оқыту
әдістемесінің пән мұғалімдері үшін маңызы баяндалады.
Әдістеменің
теориялық негіздері, жалпы дидактикалық және әдістемелік ұстанымдар,
олардың қазақ тілін оқытуға колданылуы, оқытудың әдістері, сабақ, оның
құрылысы, түрлері т.б. қамтылған.
2. Арнаулы бөлім. Мұнда қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі жеке-
жеке тақырыптарға бөлініп, ортақ заңдылықтары баяндалады. Мысалы,
лексиканы оқыту әдістемесі. Мектепте лексикадан берілетін білім көлемі,
оқушылардың сөздігін байытуға бағытталған алуан түрлі жұмыстар, тіл
ұстарту, сөздік жұмыстары, лексикалық талдаулар т.б.
Сол сияқты
грамматиканы оқыту әдістемесі, ол өз ішінде морфологияның әдістемесі
және синтаксистің әдістемесі болып бөлінеді де, әр бөлімдегі негізгі
тақырыптар әдістемелік тұрғыда сараланады.
Нұрай
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің құрамы. Кері байланыс сұрақтары:
Әдістеме ғылымы нені зерттейді?
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қандай міндеттері бар?
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуы қандай есімдермен байланысты?