Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Мысалдардың оқыту үдерісімен байланысын орнатыңыз



бет26/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

Мысалдардың оқыту үдерісімен байланысын орнатыңыз

Оқу сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарды табыңыз.

Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті - балалардың анық естіп, қабылдау мен сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды.



Сабақтарда көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе оның бөлшектерін (әріптерді, буындардағы морфемаларды) анық көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет. Ендеше "көрнекілік " деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуларды да қамтиды. Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптен немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады, яки асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бәліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншісінде қосымшасы). Мұндай тәсілдер жазылғандарды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге (мысалы, басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді. Көрнекі құрал ретінде қандай да болмасын грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады. Мұнда оқушылар тіліміздегі жұрнақтардың: 1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден кейін тұратындығымен, 3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады. Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынадай талаптарды ескеруге тиіс: 1. Таблицаларда грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеуі керек. 2. Оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды, сондай-ақ мәтіндерді таблицаларда берудің қажеті жоқ. 3.Таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа, іріктеп алынған (түсіндірілетін тұлғаны анықтай түсетін) мысалдар беруге болады. 4.Таблицаның көмегімен үйретілетін сөз, буын, морфема, әріп таблицада бөлініп, ұқсастықтары немесе ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла көрсетілуге тиіс. 5.Оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс таблица мазмұнында тасада қалып қоймау жағына мұқият назар аударған жөн. 6.Әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады. Мысалы, сөз құрамын дефиспен бөлу, астын сызу, басқа түспен, басқа шрифтімен көрсету т.б. Кез келген тақырыпқа таблица жасай берудің қажеті жоқ. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру барысындағы жұмыстың мақсатына, сипатына қарай, жалпы (қорытынды) таблица және жеке таблица жасалады. Көрнекі құралдың пайдалы жағының бірі оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруда. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен таблицаны оқиды, түсінеді, оның бөліктерінің ара қатынасын анықтайды, қорытынды шығарады. Сонан кейін мұғалім оларға түрлі тапсырма береді (таблицанын дәптерге көшіріп жазу, басқа бір материалға осындай таблица жасау, өз жандарынан мысалдар келтіріп, таблицаларды салыстыру, қорытынды жасау, таблица бойынша тексеру т.б.). Әр сабақтың басында оқушылардын барлығы дәптерлеріне сол күнгі датаны жазады. Бір жол тастап, сабақтың тақырыбын не тақтадан, не оқулықтан көшіреді. Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады. Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді. Оқушылардың жазғандары анық, таза, мүмкіндігінше, сауатты болу керек. Қажетті грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстар сызылады, жаттығуларға түрлі түсті қарындаштар да пайдаланылады. Көрнекі құралдарға компьютер, магнитофон, грампластинка, оқу фильмдері, диафильмдер де жатады. Оқушылар пластинкаларға жазылғандарды зейін қоя тындап мұғалімнің басшылығымен қайталап айтады, жазады, тыныс белгілерін қояды, талдайды. Қосымша құралдар ретінде дидактикалық материалдар да пайдаланылады. Оның ішінде әсіресе, түрлі буындар, сөздер, сөйлемдер жазылған карточкалар, конверттср көп қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет