Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдерін көрсетіңіз



бет51/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

2 3 4 Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдерін көрсетіңіз.

2 3 5 Грамматика сабақтарының түрлерін көрсетіңіз.
Грамматика сабақтарының түрлері Қазак тілінен бастауыш сыныпта білім, білік, дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі. Педагогиканың үйретуі бойынша және көрнекті педагогтардың зерттеуінше, сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім. Қазак тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды педагогтар қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматика мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардың білімін бекіту сабағы, 3)оқылған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4)оқушылардың білімін, білігін, дағдысын есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы. Сабақтың кең тараған түрі біріккен сабақ болғандықтан, аз-кем тоқталып өтелік: 1) біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтеді; 2) мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді; 3) сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан-жақты толық дайындалады; 4) сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады. Біріккен сабақ бірде үй тапсырмасын қайталап, өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жұмыстарынан басталады. Біріккен сабақта оқушылардың білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады. Сабақтың бұл түрінде барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау т.б.) қолданылады. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей сабақ сайын қолданыла бермейді. Материал мен сабақтың мақсатына тиімді деп саналғандары, ретіне қарай, мұғалімнің шеберлігіне қарай әр сабаққа пайдаланылады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады, ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді. Мысалы, тақырып: "Бір буынды және көп буынды сөздерді буынға бөлу". Мақсаты - бір буынды сөздерді көп буынды сөздерден ажырата білуге үйрету арқылы оқушының ерікті зейінін, бақылампаздығын жетілдіру және мысалдар мен жаттығулардың тәрбиелік жағына баса назар аудару. Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды т.б. Мысалы, 1 -сыныпта "Әліппедегі" суреттерді көрсетіп, жемістердің атын ататады. "қарақат " сөзін буынға бөлгізеді, онда үш буын бар екені анықталған соң, әр буын сұралады, әр буынды кірістіріп сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп, сөйлем құрайды, қарақаттың қайда өсетіні, түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында "Біздің бақта" мәтіні құрастырылады (Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақат та бар. Қара қарақат та бар. Қарақат өте тәтті. Біз қарақатты тереміз). Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, карточкалар арқылы т.с.с. жүргізілуі мүмкін. Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы, "Заттың атын білдіретін сөздер" тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде бір сөз бірнеше түрге енеді, 2) мұнда оған бірнеше сұрақ қойылады, 3) ол сөздер түрлі формада болғанда да заттық қасиетінен айырылмайды, 4) олар заттың атын білдіреді, 5) ол сөздерге кім, кімдер, нелер? деген сұраулар қойылады деген сияқты тұрғыда тұжырым жасайды. Үйге берілетін тапсырмада балалардың белсенділігін, өздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты көзделуге тиіс. Мысалы, оқушыларға оқулықтан жаттығу берілетін болса, балалар әуелі оның шартын оқиды, сонан соң мұғалім: "ал сонымен жаттығудағы басым нәрсе не болды?" деген сияқты сұрау қояды. Мұнда оқушылардан сол жаттығуды қалай орындайтындықтарын сұрауға да болады. Сөйтіп, сабақтың әр бөлімі немесе әр кезеңі әр түрлі ұйымдастырылады. Бұл— мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты. Алайда жоғарыда көрсетілген бөлімнің барлығы бірдей бір сабақта іске аса бермеуі мүмкін. Сабақтың қай түрі болмасын, барлығында да мынадай дидактикалық талаптар іске асырылуға тиіс: 1.Жоғарыда көрсетілгендей, сабақтың тақырыбы мен мақсатына оқушылардың анық түсінуі қажет. Сабақтың мақсатын білсе, оқушы соған жеткенше асығады. Кейде оқушының жұмысында қате бар. Оны қалай табуға болады? Дұрысы қалай болар еді? Сияқты сұрақтарды шешу проблемасын да қоюға болады. Сабақтың соңында сол күнгі оқушылардың білген жаңалықтары, оны білу не үшін керектігі анықталады. Егер оқушылар ана тілінен алатын білім, білік, дағдының әр кішкене бөлшегінің не үшін керектігін білсе, жұмысты ынталана орындайды. 2.Материалды түсіндіруде жаңа материал өтілген материалдармен байланысты және оған негізделіп келуі шарт; білімдік, дамытушылық, тәрбиелік маңызы күшті мысалдар іріктеліп алынып, балалардың белсенділігін арттыру, өз беттерімен орындау қабілеттерін күшейту, қорытынды шығарту, дәлелдету сияқты жұмыстар кеңінен қолданылуы қажет. 3. Жаттығудың формасы мен түрлері мейілінше түрлендіріліп отырылуға тиіс (сан алуан грамматикалық жұмыстар, көшіру, диктанттар, сөйлем құрастыру, мазмұндама, шығарма т.б.). 4. Әр сабақта өтілген материал қайталанады. Ол үй тапсырмасын тексеру кезінде болсын, жаңа материалды түсіндірудің алдында болсын. түрлі жаттығулар арқылы жүргізіле береді. Қайталау арқылы ұмытылғандар қайта жаңғырығады, беки түседі. Оқу жылының басында немесе тоқсан аяғында, кейде бір үлкен тақырыпты аяқтағанда, жоғарыда көрсетілгендей, тұтас сабақ - өтілген материалды қайталауға арналады. 5. Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын ала жүйелі жоспар жасалады, түрлі керекті жабдықтар дайындалады. (Мұғалімнің түсіндірмесі қысқа, анық, қонымды тартымды болуы керек. Жаттығу тапсырмалары анық, оқушылар қайта-қайта сұрап, бір-бірінің зейінін бөлмейтіндей болғаны жөн). Оқушылардың тілін дамыту жұмысы негізгі, басты міндет ретінде іске асырылады. Оқушының сөздерді дұрыс айтуына, қажетті сөздерді іріктеп тауып алуына, сөйлем, мәтін құрауына көңіл бөліп, олардың ойын оятып, пікірлерін дәлелдетіп отырған жөн. 6. Қазақ тілі сабақтарында таблица, схема, дидактикалық материал, суреттер, заттар т.б. түрлі көрнекі құралдар кең қолданылады. 7. Балалардың барлығына бірдей талап қоймай, жеке ерекшеліктерін есепке алып, нашар үлгеретіндерге ерекше көңіл бөліп отыруды қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер таңдалуы қажет. Шағын комплектілі мектептерде мұғалім бір кезде бірнеше сыныппен жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалім мұндай мектептердегі балаларды алғашқы күннен бастап тапсырманы өз беттерімен орындауға үйретуі тиіс. Ол үшін мына сияқты жұмыс түрлері ұтымды болады. 1) түрлі тапсырмалары бар жаттығуларды көшіру, 2) жазбаша талдау жасау, 3) сөз, соөз тіркесі, сөйлемдер құрастырып жазу, 4) мәтіннен қажетті сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді тауып жазу, 5) мәтінді бөлімге бөлу, 6) қатемен жұмыс (мұғалімнің көрсетуі бойынша). Сабақтың соңында балалардың тапсырманы қалай орындағандарын тексеріп, бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет