Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін жұмыстары



бет80/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін жұмыстары Бастауыш сыныптарда жазу жұмысының көптеген түрі бар. Соның бірі – диктант. Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, ескерту, шығармашылық , көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктанттары.
Әріп диктанты 1–сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.
Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету жұмыс түрлерін қамтиды.
Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек мұндағы мақсат – оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, яғни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орнын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады. Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары 1 –сыныпқа арналған диктанттар жинағында кеңірек айтылғандықтан, бұларға көп тоқталмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет