Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Көрген кинофильмдері туралы әңгіме жазу



бет21/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

3.Көрген кинофильмдері туралы әңгіме жазу.

Көркемөнердің түрлі саласына байланысты, яғни сурет өнері, кино, скульптура т.б. бойынша шығарма жүргізуде бақылаумен байқауға негізделеді. Өнердің бұл салаларымен танысу, әсіресе суреттегі бейнелерді оқу, скульптураны оқу – бастауыш оқушылары үшін күрделі де ауыр еңбек. Өйткені суретші баяндап отырған сырды ұғыну кішкене балалар үшін оңайға соқпайды. 




4) Оқушының өз іс-әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар.

Бұл топқа енгізілген шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері істеген істері жөнінде жазады. Мысалы, балалардың еңбек әрекетіне байланысты «Біз ағашты қалай отырғыздық», «Мен үйде кеше не істедім?»,«Мұз айдынында», «Жексенбі күні сырғанақ тептік» т.с.с. тақырыптары бойынша шығарма жүргізуге болады. Шығарма ауызша да, мүмкіндігіне қарай, жазбаша да ұйымдастырылуы қажет.

Оқушылар ІV сыныптан бастап туысына немесе жолдасына хат жазып үйрене бастайды. Қысқа түрде хат жаза білу шығарманың ең маңызды түрі болып саналады. Хат мәтінін балалар алдымен ұжымдық түрде дайындап үйренеді. Хатта балалардың көңіл күйі, сезімі, қуанышы, реніші, қоғам өмірі мен мектеп жұмыстарына қалай өқуға қалай қарайтыны, айналадағы адамдарға, мұғалімдері мен жолдастарына көзқарастары көрінеді. ІV сыныпта хаттың ең қарапайым, жай түрі үйретіледі. Хат жазу үшін, тақырыптарын өздері күнде көріп жүрген оқиғалардан алуы керек. Мысалы, «Біз шыршаны қалай әшекейледік», «Мен қалай оқып жүрмін?», «Біздің бөлме қандай?», «Біздің мектеп» т.б.

Сонымен шығарма мен мазмұндама жұмыстарын дидактикалық қағидаға сүйеніп жүйелі түрде бір-бірімен органикалық байланыста жүргізіп отыру оқушылардың ойы мен тілін дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының пәрменді тәсілін қолдануға, тілді өмір мен байланыстыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет