Әдістемелік бірлестіктің №1 хаттамасы



Дата06.10.2023
өлшемі16,19 Kb.
#113305
Байланысты:
МАТЕМАТИКА ХАТТАМА №1


Математика әдістемелік бірлестігі пән мұғалімдерінің отырысы
1 хаттамасы

Өткізген уақыты: 28.08.2023 ж


Қатысуға тиісті мұғалім саны - 8
Қатысқан мұғалім саны - 8
Әдістемелік отырыстың тақырыбы: «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт».
Күн тәртібінде:

  1. «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбындағы тамыз конференциясындағы негізі басымдықтарды талқылау.(Л.М.Кабенова)

  2. 2023-2024 оқу жылына ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшіліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.(А.Н.Бекматова)

  3. 2023-2024 оқу жылына әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын бекіту.

(А.Н.Бекматова )

  1. 2023-2024 оқу жылына күнтізбелік -тақырыптық жоспарын бекіту.(А.Н.Бекматова)

  2. 2023-2024 оқу жылында курстан және аттестатциядан өтетін пән мұғалімдерінің тізімін жасақтау. (А.Н.Бекматова)

Тыңдалды:



  1. 1-мәселе бойынша Л.М.Кабенова баяндама оқып, биылғы оқу жылының басты басымдықтарына және мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті.

  2. 2-мәселе бойынша А.Н.Бекматова 2023-2024 оқу жылына ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды. Биылғы оқу жылындағы негізгі ерекшеліктің бірі оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайтындығын айтып өтті. Сонымен қатар әдістемелік нұсқау хатта белгіленген атаулы күндер мен мерейтойларды анықтап өтті және "өтілетін шараларды атаулы күндермен байланыстырсақ" деген ұсыныс тастады.

  3. Әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Н.Бекматова 2023-2024 оқу жылына ұстаздарды әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Пән мұғалімдерімен бірге жұмыс жоспарын талқылап бекітті.

  4. 2023-2024 оқу жылына күнтізбелік -тақырыптық жоспарын талқылап, бекітілді.

  5. 5-мәселе бойынша ә/б модераторы сөз алып, А.А.Утегенова мен Э.М.Рамазанова аттестациядан өту керетігін айтып, аттестацияның жаңа ережелерімен таныстырды.

Қаулы:


  1. Л.М.Кабенова баяндамасында тоқталған басымдықтарға оқу жылында мән беріп, мақсат-міндеттердің орындалуы қадағалансын;

  2. 2023-2024 оқу жылына ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаттағы ерекшеліктер ескерілсін;

  3. 2023-2024 оқу жылына әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары талапқа сай деп бекітілсін;

  4. 2023-2024 оқу жылына тақырыптық -күнтізбелік жоспары бекітілсін;

  5. 2023-2024 оқу жылында аттестациядан өтетін пән мұғалімдері талапқа сай жұмыстансын;

Осы шешімдердің орындалуы әдістеме бірлестігінің модераторы А.Н.Бекматоваға жүктелсін.


Хатшы: Г.З.Казжанова


28.08.2023ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет