Сабақтың тақырыбы: "Мамандықтар"



Дата17.10.2023
өлшемі218,9 Kb.
#117373
түріСабақ
Байланысты:
Мамандықтар туралы ашық сабақ.


Сабақтың тақырыбы:


"Мамандықтар"

Өткізген: Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маханбетова Рита Сережевна


Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.


Тақырыбы : «Мамандықтар»
Мақсаты:
- Балаларға мамандық түрлерін таныстыру, еңбек етудің қажеттілігі жайлы айтып өту.
-Болашақта қандай маман иесі болатынына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
- Өз еңбегіне адал болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мамандық иелерінің суреттері, улестірмелер, карточкалар.

Іс-әрекет

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті

Жағымды

жағымсыз

1.Мотивация
2.Ізденіс –ұйымдастырукезеңі

3.Рефлексия



Балалар шеңбер жасап тұрады да,өлең жолдарын әндетіп айтқызады.
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң,қайырлы!
Тәрбиешінің әңгімесі:




Жұмбақ жасыру .

  • Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)


  • Сауықтырар сырқатты ,жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)


  • Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)


  • Зымыранды зерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)

  • Тәртіп заңын сақтайды, ел сенімін ақтайды. (Маи қызметкері)


  • Тыныштығын отанның, күзететін адам кім? (Шекарашы)


  • Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)


  • Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін. (Өртсөндіруші)


  • Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір. (Аспазшы)


  • Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрылысшы)


  • Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып. (Сатушы)


  • Ол көлікті тізгіндейді, жол жөнекей қасынан жолаушы бір үзілмейді. (Жүргізуші)

Балалар осы шешілген жауаптарды бір сөзбен қалай айтамыз?


-Мамандық иелерін айтамыз. Осы аталған мамандықтардан басқа тағы қандай мамандық иелерін білесіңдер?
Карточкамен жұмыс: Оқушыларға мамандық иелерінің суретін таратып, олардың атқаратын қызметтері жайлы сұрау.
Д/о: Тақтаға қайшы, тарақ, дәптер, әндеме, тәтті бәліш т.б суреттер көрсетіледі, оқушылар қай маманға қажет құрал екенін тауып, сәйкес орындарына қойып шығады.


Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып,біт тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Оқулықпен жұмыс: Суреттегі мамандықтар жөнінде әңгімелесу.
Д/о: «Кім болам?»
Шарты:балалардан болашақта қандай мамандық иелері болатындығын сұрау.
Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қандай мамандықтарды білесіңдер?
2.Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Бәрі бірге қайталайды.

Балалар түсінген - дерін айтып береді,сұрақ- тарға жауап береді.


Тапсырма - ларды ынтамен орындайды
Оқушылар -дың жауабы.

Дидактика -лық ойынға балалар белсене қатысады.



Жұмбақты дұрыс шеше білді.

Барлық балалар берілген тапсырма-ны орындады, сурет бойынша сөйлемдер құрастыр -


ды.
Сабақ мақсатына жетті, балалар мамандық-тар туралы білімдер алды.






Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Мамандықтар туралы түсініктерін молайту.


Меңгеру керек: Сурет бойынша әңгімелеп беруі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет