Мектептегі әдістемелік жұмыстың оқу жылына арналған жұмыс жоспары 2.1.Өткен оқу жылына жасалған талдау Өткен оқу жылының мақсат-міндеттері және олардың жүзеге асырылу барысы.
Жетістіктер мен кемшіліктер және олардың себеп-салдарлары.
2.2.Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру.
Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоғары әдістемелік деңгейде өткізу.
Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету.
Оқытудың белсенді әдіс-формалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжірибе-сынақтар жүргізу.
Жаңа оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік дидактикалық материлдар мен оқу құралдарын жасай отырып, инновациялық білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру барысын талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.
Мектеп бітірушілердің білімдерінің ғылыми базасын нығайта отырып, таңдаған пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуіне бағытталған дайындық жұмыстарын күшейту.
Оқушылардың бойында жоғары моральдік және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды кешенді тәрбилеу бағдарламаларын жетілдіру.
2.3.Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар Мектептегі әдістемелік жұмыстарды облыстық білім департаменті мен аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, өткен оқу жылының қорытындыларын басшылыққа ала отырып жоспарлау және ұйымдастыру.
Әдістемелік кеңес отырыстарын жоспарлы түрде тоқсанына бір рет өткізу:
Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері – қыркүйек.
Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату – қараша.
Оқушылардың шамадан тыс оқу жүктемелерін азайту арқылы білім сапасын арттыру жолдары – қаңтар.
Оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері мен оның себеп-салдарлары – наурыз.
Әдістемелік апталықты ақпан айында өткізу.
Әдістемелік бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарын төмендегіше өткізу: 1.Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі бойынша – 28-29 тамыз. 2.Гуманитарлық пәндер бірлестігі бойынша – 1-3 қыркүйек. 3.Жаратылыстану пәндері бірлестігі бойынша – 5-7 қыркүйек.
Бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарында мына мәселелерді қарау:
Оқу және әдістемелік жұмыстардың қорытындылары, оқыту процесін жетілдіру жолдары.
Оқу-тәрбие процесін бақылау қорытындылары, өзара сабақтарға енуді жоспарлау.
Сабақтардың әр түрлі типтері мен формаларын өткізу ерекшеліктері мен әдістемесі.
Оқытудың интерактивті әдістері мен белсенді формаларын іздеу мен тәжірибеге ендіру.
Білім беру процесіне оқытудың тиімді технологияларын ендіру проблемалары мен негізгі жолдары.
Бірлестік отырыстарын тоқсанына бір рет өткізу және онда мына мәселелерге назар аудару:
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сапалы түрде жүзеге асыру және оны дидактикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Озат тәжірибе мектебінің жұмысын жоспарлай отырып, жаңашыл және тәжірибелі мұғалімдердің озат тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату.
Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, сабақтарды әдістемелік қамтамасыз ету.
Жаңаша оқыту жүйелерін зерттей отырып, оқытудың тиімді технологияларын мектеп тәжірибесіне сатылап ендіру.
Нормативтік актілерді оқып-үйрене отырып, мектеп құжаттарын толтыруда бірыңғай талаптарды басшылыққа алу.
Психология мен педагогика және пәнді оқыту әдістемесі бойынша әдебиеттерге шолу жасай отырып, мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне үнемі ықпал ету.
Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамдарын құра отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұйымдастыру.
Мұғалімдердің қажеттіліктері мен сұраныстарына диагностика жүргізе отырып, өзара тәжірибе алмасу семинарлары мен оқуларын өткізу.
Білім сатысы оқуларынан өту жоспарын жасай отырып, мұғалімдердің біліктілік санаттарын көтеруде жүзеге асыру.
Ақылшы ұстаздар тағайындай отырып, жаңадан келген және жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.
Жаңа бағдарламалар әзірлеу және оқыту технологияларын ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізу.
Қосымша білім беру бағдарламаларын дайындай отырып, сыныптан тыс үйірме жұмыстары мен факультативтерді ұйымдастыру.
Мектепішілік “Жыл мұғалімі”, “Сынып жетекшісі”, “Пән кабинеті” байқауларының І турын қарашада, ІІ турын қаңтарда өткізу.
Пән апталықтарын төмендегіше ұйымдастырып, өткізу:
Дене шынықтыру,АӘД – қазан
Орыс тілі мен әдебиеті – сәуір.
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелерді дер кезінде талдап, жалпылап, тарату үшін бірлестік отырыстарында қарастырылған материалдар мен қабілданған шешімдерді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасарына уақтылы өткізіп отыру.
Пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу барысын бақылауды мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасарына міндеттеу.