Әдістемелік кабинет емтихан тапсырмаларының жинағЫ



бет24/35
Дата31.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#36084
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
9 сынып ЕМТИХАН матер (копия)

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
(орыс тілінде оқытылатын сыныптарға)


Жалпы білім беретін мектептерге. І нұсқа 1-тапсырма . Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы
«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,-дейді қазақ халқы. Өз еңбегімен танылған азаматтар мен кәсіпорындар да көп. Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын – «Абзал және К» ТС-і (Толық серіктестігі). Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.
«Абзал және К» ТС-і 2017 жылдың қорытындысымен «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан үздік сапа белгісін алса, 2019 жылы желтоқсанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шарада компания басшысы Мағжан Ералиевке «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының Алтын жүлдесін табыс етті.
Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді. Компания жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Россия, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Монғолия т.б. елдерге экспортқа шығарылады. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды.
Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания туған жері- Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді. Мұнан өзге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания 54 жаңа еңбек орнын ашып, жалпы 400-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңа күріш зауытын, «Мүсірәлі» мешіті мен медресесін, Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында стадион, ауылдық округ әкімдігі ғимаратын салып, ауылдағы мұражайға күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізді. Ауылды толықтай көгалдандырды. Ауылдағы тұрмысы төмен, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың үйлеріне қайта жөндеу жүргізіп берді. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.
«Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ»,- дейді халық даналығы. Жас болса да бас болып компанияны басқарып отырған Мағжан Ералиев:«Біздің мекеме – Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Сондықтан Германиялық PETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш рет егістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау, қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирма ретінде бізді қызықтырады. Біз бұл фирмамен серіктестікке дайынбыз. Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз. Жаңа технологиялармен еңбек ету, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты маңызды салаларға да қызметкерлерді дайындау алдағы мақсатымыз», -дейді. Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза.
(343 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Ғұмыр – Ісімен – Қамтамасыз етіп отыр- Түгел – Еңбексіз –
28
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет