Әдістемелік кабинет емтихан тапсырмаларының жинағЫ



бет23/35
Дата31.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#36084
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
9 сынып ЕМТИХАН матер (копия)

9-сынып емтихан тапсырмалары
Қазақ әдебиеті



Арнайы ұйымдарға, арнайы сыныптар мен топтарға А бөлімі
Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Н.Айтұлының поэмасының атын табыңыз.

  1. «Құлагер»

  2. «Бәйтерек»

  3. «Шұғаның белгісі»

  4. «Сағыныш»

  5. «Ұлпан»

  1. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі 2 кейіпкерді көрсетіңіз.

  1. Назира

  2. Есен

  3. Жаңыл

  4. Ұлпан

  5. Оразымбет

  6. Шұға

  1. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).

    Тұжырымдар



    1) Арқа елінде Сағынай деген бай той өткізеді.




    2) Бәйгеде мың үш жүз ат бақ сынайды.




    3) Құлагер бас бәйгені жеңіп алады.




    4)Күреңбай сыншы Құлагерге сын айтып, баға береді.




    5)Сағынайдың асына Ақан арнайы шақыртумен келеді.




    6)Даңқынан сескеніп, қызғаныш оты кернеген Батыраш Құлагерді қапияда
    мерт қылады.




  2. Билер мен олардың айтқан сөздерін өзара сәйкестендіріңіз.

Билер

Шешендік сөздері

Сәйкестендіру
жауабы

1.Төле би Әлібекұлы

А) Адал болса, досың жақын, Еркелейтін немерең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын.

1

2. Мөңке би Тілеуұлы

В) Сөз анасы не? Су анасы не?
Жол анасы не?

2

3. Қазыбек би Келдібекұлы

С) Түрлі-түрлі халық болады, Күндіз-түні жарық болады...
Адам ақысыз жұмыс істемейді, Дүниені түрлеп кестелейді.

3

4. Әнет би Кішікұлы

Д) Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағың. Әйелің жақсы болса: Бірінші-иманың,
Екінші-жиғаның,
Үшінші- ырысыңның тұрағы.

4

5. Әйтеке би Байбекұлы

Е) Үш күшті бар: ақыл күшті,
жүрек күшті,тіл күшті.

5

6. Бала би Есенәліұлы

F) Суалмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да, Қурамайтын құрақ жоқ.

6

26


9-сынып емтихан тапсырмалары


В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті

Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан үзінді
Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... Ол да бір дәурен... иә... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де «Шұғаның белгісі» атанды, бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су... Ол уақытта жердің берекесі қандай! Өзіміздің ел қаншама, оның үстіне түу Сырдан келіп жаппастар да қонады... Кейінгі кезде ғана жаппас келуін қойды ғой.
Біздің Беркімбай дейтін жақын ағаларымыз болады. Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып алды. Осы күні кедей. Сол Беркімбайдың әкесінің нағашысы - жаппас Есімбек дейтін болды. Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол «Өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді.Өзі де жомарт, қонақпаз еді. Елге жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды - шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап ескен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе, Шұға. Шұға, өй шіркіннің, өзі де келбетті-ақ еді... аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда?! Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма білмейсің, ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой...
Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда, құдай сана берсін десейші...
(241сөз)


Тапсырма:



  1. Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз, оқиға орнын, уақытын және кейіпкерлерін анықтаңыз.




  1. «Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда?! Ажары тәуірлеу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің...» деген автор пікіріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Осы пікірмен келісесіз бе, жоқ па? Ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.




  1. Үзіндіде берілген портреттік суреттеулерді тауып, Шұға және оның замандас қыздары мен жаңа дәуір қыздарының іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.




  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романындағы негізгі идеяны баршаға ортақ мәселе тұрғысынан қарастырып, «Жаңалық пен даналықтың үлгісі» деген тақырыпта 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
27

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет