Жалпы білім беретін мектептерге. І нұсқа Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. Амәтіні: газет мақаласынан үзінді
Экологиясыз болашақ – келешегі кемел болашақ «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовпен болған сұхбат.
-Бүгіндесізбасқарыпотырған«Табиғат»экологиялықодағықандайіс-шараатқарыпжатыр? - Табиғатты қорғау бір адамның қолынан келетін шаруа емес. Біз мәселені көтерген кезде, бүгіннен бастап келер ұрпаққа не қалдыратынымызды, қалай жасау керек, не істеу керек екенін және оны шешу жолдарын да бірге ұсынамыз. Сондықтан табиғи байлығымызды қорғап қалу үшін бақылап отыратын бекеттер аштық. Іске қосылғанына көп болмаса да, төңірегінде тұратын азаматтар тек алғыстарын білдіруде.
Шарында біздің ұсынысымызбен ұлттық саябақ құрылды. «Медеудің» маңынан
«Жас жұбайлар» паркін де аштық. Балқаш атом стансасынан шығатын қалдықтың адам денсаулығына тигізер зиянын дәлелдеп, өнеркәсіп жұмысын біржолата тоқтаттық.
-Еліміздіңэкологиясынжақсартуүшіннеістеукерек? - Біріншіден, Заң жағы реттелу керек. Ең бастысы, қаражат, ынта, тәрбие болса, біраз мәселе шешіледі. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, көктем мезгілінде ағаш егуді әдетке айналдыру керек. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғатты қорғау - әрбір азаматтың парызы екенін үнемі естен шығармауымыз тиіс.
Елдос Өмірзақұлы. (168 сөз)
Әмәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Қазақстанның экологиялық мәселелері Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды. «Адам баласының алдында бүгінде үлкен екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау - екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты,» - деп белгілі жазушы Л.Леонов айтқандай, Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз.
Қазақстандағы экологиялық аймақтар:
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы өзекті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның табысы 10 млн.долларды құрайды. Бекірені шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітуде. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
В аймағына Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған шығыс облыстары жатады. Онда ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер – қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған (қалалық) территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы (біртіндепнашарлаптозуы),ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.