Жалпы білім беретін мектептерге. ІІІ нұсқа Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. Амәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
«Қызылкітап»-табиғатқорғаунегізі Халықаралықтабиғатқорғауодағының«Қызылкітабы»—халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлерітіркеледі.Кітаптыңбеттеріәртүрлітүстентұрады.Қарабеттердежойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттердеқұтқарылғанжануарлардыңтүрлерікөрсетілген.
Қазақстандабұлкітап3ретбасылып,соңғысы1999жылышықты.Кітапта құстардың 56 түрі, ал жануарлардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде: ақбөкен, гепард,арқар, барыс, бұғыжәнеқарақұйрықт.б.бар.
Қызыл түс қауіптілікті білдіреді.Сондықтан кітапты осы түсте шығаруға шешім қабылданды. Флора мен фауна өкілдерінің жойылуының басты себебі адам болғандықтан, қоршаған ортаментабиғатқабасаназар аударуымыз қажет.
«Қызылкітап»-табиғатқорғаудыңнегізгііргетасы,экологиялықбілімментәрбие берудіңқайнаркөзіболыпсаналады.Онда жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ, қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер жазылған. “Қазақстанның қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
(164 сөз)