әдістемелік материалдар 2013 жылғы №2 басылым



бет10/49
Дата22.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#44937
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Байланысты:
?ä³ñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð 2013 æûë?û ¹2 áàñûëûì

Сауаттылық және білімділік ұқсас ұғымдар болғанымен екеуі тең мағыналы ұғымдар емес. Бұл екі сапа адамның алған білім, білік, дағдыларының көлемі, кеңдігі, тереңдігі жағынан, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерімен ажыратылады. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар адам, орта білімді адам, жоғары білімді адам деп атайтынын көп естиміз. Білімділік - қоғам үшін және тұлға үшін кажетті максимумға дейін жеткізілген сауаттылық. Білімділік ұғымы қоғам мен адам өмірінің түрлі сұрақтары бойынша
дүниетанымның кеңдігі. Ол тұлғаның білім алу саласындағы жетістіктерімен сипатталады.
Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшем-шек (критерий) жүйесі қабылданған. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті:
- тұлғаның жан-жақты дамуы жəне оның базалық мəдениетінің қалыптасуына қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету;
- оқу пəндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми жəне тұрмыстық маңызға ие болуы;
- əрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сəйкес болуы;
- материал мазмұны көлемінің оқушының мүмкін болған игеру уақытына сəйкес келуі;
- жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тəжірибені ескеру;
- осы заманғы мектепте бар оқу -əдістемелік жəне материалдық базаға сəйкес болуы.
ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған. “Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды.
Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары –стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі жəне оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дəрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады.
Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Қазақстан Республикасының егеменді елдер қатарында демократияға, нарықтық қатынастарға, тұлғаның құқы мен еркіндігіне бетбұрысы білім аймағындағы саясатты қайта қарастырып, жаңаланған заман көзқарасымен түсінуді талап етіп отыр.Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу –оқыту формалары мен əдістерін таңдау жəне білім мазмұнын іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне себепші болды.
Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:
1) мектеп оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;
2) көптеген мектептердің құқықтық дəрежесінің өзгеруі;
3) тың оқу жоспарларының енгізілуі;
4) мектептердің оқу пəндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы;
5) баламалы оқулықтардың қосылуы;
6) оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі жəне жіктемелі оқуға өту.
Байқағанымыздай, аталған демократиялық қадамдар өткендегіміздей тезге салынған бір сарынды (шаблон) оқу жүйесіне тосқауыл қойып, əрқандай жəйт, жағдайларды ескеріп, білім беру процесіне шығармашылдықпен қатынас жасау қажеттігін айғақтауда. Осыдан, əрқилы оқу мекемелерінде оқушылар игеретін білімнің біргелкі деңгейін қамтамасыз ететін білімдену кеңістігінің базалық тұтастығын сақтау- міндетті шараға айналды.
Ал Мемлекеттік стандарт елдегі жалпыға ортақ бірдей білім қорының болуын қамсыздандыратын жалғыз тетік.
Сонымен бірге, білім стандартының алғы шепке тартылуына себеп - Қазақстан Республикасының əлемдік мəдениет жүйесіне енуге болған талпынысы. Бұл білім сапасын қалыптастыруда халықаралық білімдену тəжірибесінің жетістіктерін ескеруді қажет етеді. Осы талаптың орындалуынан Қазақстан азаматтарының білімі жөніндегі құжаттары шет елдерде мойындалатын болады.
Мектеп тəжірибесіне енген Мемлекеттік стандарт оқу процесін мызғымас, қатаң ресми байламға матау емес, керісінше, ол педагогикалық шығармашылдыққа, міндетті мазмұндық өзек (стандарттың өзі) төңірегінде баламалы бағдарламалар, оқудың əрқилы технологияларын, оқу құралдарын жасауға кең жол ашады.
Мемлекеттік міндетті стандарттар бəсеке негізінде қабылданады,10 жылда бір рет қайта өңделіп, қажетті реттеулер мен түзетулер енгізіледі, мемлекеттік заңмен бекиді. Ол барша оқу орындарының қай салаға бағынуына, типіне, меншіктік формасына тəуелсіз орындалуы міндетті.
Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен құралады: мемлекеттік, ұлттық – аймақтық жəне мектептік.
Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның əлемдік мəдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.
Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана тілі мен əдебиетіне, жағрафиясына, мəдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс дайындығына жəне т.б.) байланысты анықталады.
Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының анайылығы мен бағыт –бағдарына орай оқу пəндерінің енгізілуімен белгіленеді.
Стандарттың мемлекеттік бөлігі –бұлжымас, қайта қарастырылуы өте сирек, ұлттық аймақтық жəне мектептік бөліктер- баламалы, оның құрамды бірліктері жүйелі жаңаланып барады.
Қазақстан республикасының “Білім туралы Заңында” көрсетілгендей, жоғары өкілетті мемлекеттік органдар негізгі білім ақпараттарының ең төмен көлемдегі мазмұнын, оқу жүктемесінің ең жоғары деңгейін белгілеп, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды алға тартады. Қабылданған оқу жүктемесі шегіндегі міндетті білім көлемінен тыс, қосымша білім мазмұнын ұсыну жергілікті оқу орындарының билігінде.
Стандарт құрамы келесі бірліктерді қамтиды: жалпы білімдік оқу орындарының түбір (типтік) жоспары, мазмұн құраушы мызғымас (инвариант) жəне баламалы бөліктер, оқушыларың жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар.
Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары
Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары – оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.
Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне:
1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені;
2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды;
3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын;
4) пəн курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін;
5) пəнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін;
6) қажетті əдебиеттер ауқымын;
7) бақылау сұрақтарын,
8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО да)-қамтиды.
Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады.
Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.
Оқу - жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады.
Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті.
Концентрлі əдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде жəне оқылады.Бұл əдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды.
Тізбекті əдіспен түзілген оқу бағдарламаларында əр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді.
Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында ашылады.
Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұнын айқындайды.
Оқулықтың басты көрінісі –мəтінде. Мəтін келесі бірліктерден құралады:
- негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар жəне жетекші идеялар жəне т.б. баяны);
- қосымша (құжаттар, хрестоматиялық жəне анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мəліметтері ж.т.б.);
- түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.)
Оқулықтарға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары – бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары жəне с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет