Әдістемелік нұСҚау «5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен» Білім алушылардың өздік жұмыстарына арналған


Семей 20__ 4. Пайдаланылатын әдебеттер тізімі



бет7/9
Дата06.01.2022
өлшемі92,5 Kb.
#11509
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
umkdfile(18086)

Семей 20__

4. Пайдаланылатын әдебеттер тізімі

Реферат орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.


Студенттерді міндетті түрде клиникалық дайындықтан өткізу түрінің ауру және сау малға курация жүргізу және тарихын орындау жатады.

Мал дәрігер қызметінің мәселелерін көрсететін студенттің өздік жұмысының ретінде (ауру және сау малға курация жүргізу және тарихын орындау) болып қарастырылады.

Студенттер үшін өздік жұмыс өте маңызды рөл атқарады, ойткені ол студенттердің білімін арттыруға тереңдетуге және бекітуге бағытталған, мал дәрігерлік қызметін дұрыс ұйымдастыру және басқару, теориялық білімдерді қолдану үшін маңызы зор.

Өздік жұмысты дайындау және жазу барысында студенттер оқу және периодикалық әдебиетті, статистикалық материалды терең зерттеп, ғылыми негізделген теориялық және тәжірибелік қорытындыларды жасайды.

Бұл оларға ғылыми зерттеулердің негізін алуға және таңдап алған тақырыптың мазмұнын жазба түрінде өздік қарастыруына мүмкіндік береді.

Өздік жұмыстың ойдағыдай зерттелуі және жазылуы студенттің алдыға қойған негізгі талаптарды және мақсаттарды қалай дұрыс орындағанына байланысты.

Бұл талаптар ең алдымен жұмыстың теориялық және тәжірибелік деңгейіне, оның мазмұны мен құрылымына, нақтылы көрсеткіштерді сапалы талдауына, зерттелген материалдың негізінде ғылыми- негізделген қорытынды беруіне және жұмыстың безендірілуіне байланысты.

Орындалған өздік жұмыс студенттің дайындық деңгейін, материалды терең, жан-жақты зерттегенін және алған білімдерін дұрыс пайдаланғанын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет