Әдістемелік нұСҚау «5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен» Білім алушылардың өздік жұмыстарына арналған



бет3/9
Дата06.01.2022
өлшемі92,5 Kb.
#11509
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеу әдістері. Зерттеу мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Әдіс жалпы және жеке түрлерге бөлінеді. Жалпы әдіс белгілі бір теория мен ортақ методологияға сүйенеді. Зерттеу жұмысын төмендегі үлгілер бойынша беруге болады:

Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі.

Мақала – нақты зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталғанмәселеге қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды тұжырымдар жасайды.

Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі. Реферат түпнұсқада көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Рефераттың өз құрылымы бар.

  • Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты.

  • Тақырыбы.

  • Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері).

  • Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды.

  • Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады.

Рефераттар ақпараттық немесе реферат-конспект болып және индикативтік немесе реферат-резюме болып бөлінеді. Алғашқысында барлық негізгі шығарылса, екіншісінде негізгі мәліметтерді санамалап қана айтып, бұл бойынша қорытынды дәлелдер келтірілмей-ақ беріледі.

Рефераттың екі түрі де бір түпнұсқа негізінде жасалынған монографиялық, не ортақ бір тақырыпқа біріктірілген бірнеше еңбектің мазмұнынан тұруы да мүмкін.

Бұлардың бәрі СӨЖ-дің сәтті орындалуына көмектеседі. Студенттің өз бетінше жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық ьұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.

Студент – белсенді, ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Ең бірінші, кітапханада католог пен жұмыс істеудің әдісін меңгеру қажет. Студент тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңізге қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысу, қажетті ақпаратты жинауды үйренуге тиіс. 1) Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс . Оқулық және ғылыми еңбектердің мазмұнынан өзіңізге қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттеу оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет