Өздік жұмыстың тақырыбын таңдап алу және орындау тәртібі
Өздік жұмыстың тақырыбы кафедрамен ұсынылған тақырыптардан оқытушының көмегімен студент таңдап алады. Өздік жұмыстың тақырыбы жетекшімен келісіледі.
Күндізгі оқитын студенттерге жұмыстың тақырыбы және бекітілуі сабақ басталғаннан кейін алғашқы 2-3 жұманың мезгілінде, ал сырттай оқитындарға- сессияға келген уақытында беріледі. Өздік жұмыстың тақырыбы студентпен өздік таңдап алынады. Бір топта тақырыптардың қайталануы рұқсат етілмейді.
Өздік жұмыстың мазмұнына негізгі талаптар
Өздік жұмыстың дұрыс құрастырылған жоспары студент үшін тақырыптың мазмұны және оның тарауларын дұрыс тұсінгеннің қорытындысы деп есептеуге болады. Тақырыптың жоспары зерттелетін сұрақтардың ішкі байланысы, олардың қисыны және дәлелденгені үшін қажет.
Өздік жұмыстың құрылымына: кіріспе, екі сұрақ, қорытынды және ұсыныстар, пайдаланған әдебиеттің тізімі кіреді.
Өздік жұмысты ресімдеу
Өздік жұмыс көлемі бойынша қолжазба түрінде 15-20 бет, ал компьютер арқылы – 10-15 беттен аспауы керек. Жұмыстың бәрі беттері ретімен белгіленуі керек. Жазу беттерінің көлемі келесідей болуы керек: сол жақтан – 30 мм, он жақтан – 10 мм, жоғары және төменгі жақтары – 20 мм. Әр бір жаңа тарау жаңа беттен басталуы қажет.
Өздік жұмыстың текстінде әдебиеттердің тізімі бойынша пайдаланған әдебиеттің көздері келтірілуі керек. Өздік жұмыстың маңыздылығын көрсету үшін кестелер, суреттер, диаграммалар, схемалар, графиктерді келтіруге болады. Кестелердің атаулары мен реті көрсетіледі.
Өздік жұмысты орындау жоспары.
Титулды бет;
Ауру тарихы
Жалпы зерттеу;
Бездерді зерттеу;
Кілегей қабықтарды зерттеу.
Арнайы зерттеу
а/ Жүйке-жүйесін тексеру.
б/ Тыныс алу жүйесін зерттеу.
в/ Жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеу.
г/Ас қорту жүйесін зерттеу жоспары.
д/ Зәр шығару жүйесін зерттеу.
е/ Жыныс жүйесі мен сүт бездерін зерттеу.
ж/ Ерекше зерттеу
Қортынды және ұсыныстар;
Қолданылған әдебиеттер. Әдебиет тізімі (10 бірліктен төмен болмауы керек);
Қосымшалар.
Достарыңызбен бөлісу: |