Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды



бет25/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
дістемелік н с ау п нні о у ба дарламасы негізінде дайындалды

Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
Топырақ суспензиясын дайындау:

  1. Топырақты жақсылап араластырып, механикалық қоспалардан тазартады

  2. 10 гр топырақты өлшеп алады да, оның үстіне 1-2 мл залалсыздандырылған судан құйып 5 мин. араластырады.

  3. Езілген топырақты екінші құрғақ колбаға салады. Сонда 1/10-ға тең болады.

  4. Колбадағы топырақ суспензиясын 5 минут бойына шайқап, 30 минуттай тұндырады да залалсыздандырылған пипеткамен 1 мл алып 9 мл залалсыздандырылған суы бар №1 пробиркаға құяды. Сонда 1:100 сұйылту алынады. Дәл осылайша бірнеше сұйылтуды 1:100 1:1000 жүргізеді.

Топырақ микроорганизмдерін бөліп алу үшін топырақ суспензиясын қоректік ортаның бетіне себеді. Алдымен пипеткамен 1мл сұйылтылған суспензия алынады. Заласыздандырылған пипеткамен сұйылтудан 1мл топырақ суспензиясыналып Петри табақшасындағы қатты қоректік ортаның ортасына құяды. Шпательмен осы тамшыны агар бетіне жақсылап жаяды. Сосын Петри табақшасын қақпағын төмен қаратып, 28-30С температурада термостатқа қояды. Петри табақшасындағы бактериялар колониясын 3-5, саңырауқұлақтар мен ашытқыларды 5-7, актиномицеттерді 7-15 тәуліктен кейін санайды. Егер Петри табақшасынан 50-200 колония бактериялар мен актиномицеттер, 30-50 колония саңырауқұлақтар табылса нәтиже дұрыс болғаны.
Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау. Бұл үшін Петри табақшасының табанын тушь немесе сиямен бірнеше сегментке бөледі. Егерде қоректік орта мөлдір болса колонияларды табақша астына түсіп тұратын жарық сәулемен санайды. Ал егер орта мөлдір болмаса микроорганизмдер колониясын ортаның бет жағынан санайды.


Блиц тест:



1.Микроорганизмдер клеткасындағы геннің толық жиынтығы:
А) генотип
Б) фенотип
В) диссоциация
С) модификация
D) Барлық жауап дұрыс



4. Морфологиялық белгілері әртүрлі бір түрге жататын микроорганизмдер культурасы:
А) микроорганизм
Б) штамм
В) колония
С) клон
D) культура



2. Белгілі бір қасиеттің тұрақты күйде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы:
А) өзгергіштік
Б) тұқым қуалаушылық
В) модификация
С) адаптация
D) диссоциация



5. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік:
А) генетикалық рекомбинация
Б) фенотиптік
В) модификация
С) адаптация
D) диссоциация

3. Генетикалық рекомбинация тәсілдері: 6. Трансдукция тәсілі қаншаға ажыратылады:
А) трансформация , трансдукция, коньюгация А) 2
Б) жалпы, абортивті Б) 3
В) коньюгация В) 4
С) жалпы, ерекше С) 5
D) абортивті D) 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет