Бақылау сұрақтары: 1.Өзгергіштік (фенотиптік және генотиптік)
2.Мутация, мутаген түрлері
3.Генетикалық рекомбинация
4. Генетикалық рекомбинация тәсілдері
Глоссарий: Гумус – қарашірік, құрамында дәрумендер, түрлі өсуді қолдаушы биотикалық заттар болады.
Азотты сіңіру – атмосферадағы бос күйіндегі молекулалық азоттың биохимиялық жолмен азот қосылыстарына айналуы. Мұның топырақ құнарлығы үшін маңызы зор. Оларға: 1) бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактериялары: 2)топырақта жеке күйінде тіршілік ететін азот сіңіруші бактериялардың екі тобы: азотобактер және клостридиум пастеурианум жатады.
Әдебиеттер 1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93
4. Шоқанов Н., Сағындықова С., Серікбаева Ф. Микробиология. Алматы, 2003
№12 Зертханалық сабақ Сабақтың тақырыбы: Ауа микрофлорасын зерттеу
Сабақтың мақсаты: Студенттерге ауа микрофлорасын зерттеуді түсіндіру
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Залалсыздандырылған Петри табақшасы, ет пептонды агар (пробиркада), су моншасы және қоректі заттар.
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны: Бөлменің ауа микрофлорасын зерттеу: Петри табақшасына балқытылған ет пептонды агарды жұқалап құяды.
Петри табақшасы қақпағының сыртына тәжірибе вариантын жазып қояды.
Осыдан кейін ауа микробын қамау үшін Петри табақшасын бөлмеге қойып, қақпағын ашылған қалпында ол жердің ластану деңгейіне қарай 10 минуттан, 1 сағатқа дейін қалдырады. Тәжірибе дәптеріне оның уақытын белгілеп қою шарт.
Уақыт мерзімі біткен соң табақша қақпағын жауып, оны 37С температурасы бар термостатқа орналастырады. Одан соң табақшаны алып 25С температураға ауыстырады. Тәжірибе екі рет қайталанады.
Тәжірибе уақыты біткеннен кейін табақшадағы сол мерзім ішіндегі өсіп шыққан микробтар колониясын санайды.