Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
6В0605102 – Биотехнология мамандығының
2 курс студенттеріне арналған
жоғары білім (бакалавриат) оқыту бағыты бойынша
«Микробиология» пәнінен
зертханалық сабақтарға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Ақтөбе, 2021 ж.
Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.
Студенттердің практикалық жұмыстарды өз беттерінше және сабақ үстінде орындауын ескере отырып жазылған.
Құрастырған: Бақытжанқызы Б
Кафедра мәжілісінің отырысында мақұлданған.
Хаттама ____ «___»___________ 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Адманова Г.Б.
№ 1-зертханалық сабақ
Тақырыбы: Микробиологиялық зертханаға сипаттама және жұмыс жасау ережелері
Сабақтың мақсаты: микробиологиялық зертхананың негізгі аспаптары мен жабдықтарының құрылғысымен және қолданылуымен, микроорганизмдердің түрлі культураларының дайындалуымен танысу, микроскоптау техникасын меңгеру.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар:
Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық;
Биологиялық зертханалық микроскоп;
Электронды микроскоп;
Заттық шынылар;
Дайын препараттар.
Теориялық бөлімі
Микробиологиялық зертханада студенттер микробиологиялық, серологиялық және басқа да зерттеу тәсілдерін меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні бағдарламасының мәселелерімен танысады.
Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады.
Ұсақ жануарлардың өлекселерін немесе олардың мүшелерін жарып тексеруге арналған кішірек үстелше болғаны дұрыс. Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, стерильдеу, қоректкі орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек.
Жуу бөлмесінде үстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары, кептіргіш, ауа сорғыш шқаф судың буы мен шыны ыдыстарды жууда қолданылатын реактивтердің иістерін кетіру үшін қажет. Бұл жердің едені мен қабырғалары кафельмен қапталады.
Достарыңызбен бөлісу: |