Байланысты: дістемелік н с ау п нні о у ба дарламасы негізінде дайындалды
3. Нейссер бойынша волютинді анықтау. Волютин микробтар клеткасында түйіршік түрінде кездеседі. Олар полифосфаттар мен нуклеин қышқылына ұқсас болып келеді. Волютинді табу үшін бояудың күрделі әдісін қолданады. Өйткені мұнда бірнеше бояу және олардың қоспасы қолданылады.
Бояу тәртібі: Дайын фиксацияланған жұғындыға метилен көгін тамызып, 1-2 минут ұстайды. Сумен жуады. Одан ары Люголь ерітіндісін тамызып, 20-30 секундт ұстайды. Ерітіндіні төгеді де сумен жумай 2-3 минуттай везувин немесе хризоидин ерітіндісімен бояйды. Содан кейін сумен жуып, кептіреді. Бактериялар клеткасы ашық қоңыр, ал волютин көк түске боялады.
Блиц тест:
1.Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңырауқұлақтар қанша класқа бөлінеді?
А) 2
Б) 4
В) 5
С) 3
D) 6
2.Мицелийі нашар жетілген немесе мүлде болмайтын саңырауқұлақ класы?
А) Базидиомицеттер
Б) Аскомицеттер
В) Хитридиомицеттер
С) Жетілмеген саңырауқұлақтар
D) Фикомицеттер
5. Ашытқы саңырауқұлақтардың көбею жолдары?
А) жыныстық, спора түзу арқылы
Б) бүршіктену, жыныстық, вегетативтік жолмен
В) бүршіктену, жыныстық, спора түзу арқылы
С) жыныстық, спора түзу арқылы
D) вегетативтік, жыныстық, спора түзу арқылы
3. Егер жас шағынан бірдей екі клетка қосылса, онда оны?
А) изогамия
Б) гетерогамия
В) оогамия
С) оогания
D) зооспора
6.Егер жас шағынан әртүрлі екі клетка қосылса, онда оны?
А) изогамия
Б) гетерогамия
В) оогамия
С) оогания
D) зооспора