Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды


Сабақтың тақырыбы: Зең саңырауқұлақтарын зерттеу



бет12/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Сабақтың тақырыбы: Зең саңырауқұлақтарын зерттеу
Сабақтың мақсаты: зең саңырауқұлағының құрылысын, даму және көбею ерекшеліктерін зерттеу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Мукор зең саңырауқұлағы (Mucоr)
2. Зең саңырауқұлағының құрылысы
3. Зең саңырауқұлақтарының қоректенуі
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: микроскоптар, көгерген нан, пинцет, дистилденген су, фильтр қағазы, заттық шынылар, жабын шынылар, бактериологиялық ілмектер, пинцеттер, пипеткалар, бояғыш заттар, зертханалық жұмыстық орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Нандағы зең саңырауқұлағын қарау.
2. Микроскоптау әдісімен зең саңырауқұлақтарын анықтау.
3. Зеңнің түзілу және өсу жағдайларын анықтау.
4. Тәжірибенің хаттамасын толтыру.


Зең саңырауқұлақтары– аскомицет, гифомицет, фикомицет тобына бірігетін жетілмеген саңырауқұлақтар қатарына жататын төменгі сатыдағы өсімдіктер. Мукор (зең саңырауқұлағы, ақ зең) – күнделікті тұрмыста жиі кездесетін зең саңырауқұлағы. Табиғатта шіріген жапырақтарда, шөптерде, қида кең таралған. 2-3 күн жабық күйінде қалдырылған ұн өнімдерінде, мысалы нанда мақтаға ұқсас зең қабаттары пайда болады.
Бұларға тән ерекшелік өскен кезде үлпілдек, мамық тәрізді, түсі әр түрлі зең қабатын түзеді. Бұл қабат саңырауқұлақтың субстрат бетінде пайда болатын мицелийлерінен, спора түзгіш жіпшелерінен және спораларынан тұрады. Зең саңырауқұлақтарының түсі түріне байланысты ақ, сұр, қара, көкшіл, жасыл, тағы басқа болып келеді. Өте ылғалды жерлерде және қолайлы температурада жақсы әрі тез өседі. Споралары, мицелий бөліктері, кейде жеке гифтері (жіңішке жіпше) арқылы көбейеді, тарайды. Зең саңырауқұлақтары тағамда, өсімдік қалдықтарында, үйдің қабырғаларында (жабысып), көкөністе, тағы басқа жерлерде өсіп дамиды. Органикалық қалдықтарды ыдырату, шіріту және зат алмасу процесіне қатысады.Зең саңырауқұлақтары табиғатта кең тараған, кез келген тіршілік ортасында кездеседі. Олардың кейбір түрінен адамға қажетті заттар (витамин, антибиотик, органикалық қышқылдар) алынады.



Зең саңырауқұлағында, басқа саңырауқұлақтардағыдай хлорофилл дәндері болмайды, сондықтан органикалық заттар түзілмейді. Зең саңырауқұлағы дайын органикалық заттармен қоректенеді. Жіпшумақтарының ұшында қара нүктелерге ұқсас спорангийлер дамиды. Әрбір спорангийлерде көптеген споралар болады. Қолайлы жағдай туындағанда, споралар көбейіп жіпшумақтар түзеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет