Оқушылар алдымен мәтінді толық оқиды. Содан соң оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін,оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. /Бұл әдіс оқушылардың жаңа сабақтың ақпаратымен танысуға, бір-бірімен талқылауға, бір-біріне сұрақ қоюға тиімді болып келеді./