Әдістемелік нұсқау


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кейіпкердің қозғалысы



бет23/162
Дата26.01.2023
өлшемі389,94 Kb.
#63043
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа.

3-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кейіпкердің қозғалысы

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыптары: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кейіпкердің қозғалысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың тимділігін біледі. Оқушылардың көбі үшін:
Кейіпкер қозғалысын іске қосатын командалар туралы түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Scratch ортасында кейіпкерлердің қозғалысын ұйымдастыруды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру
кезеңі
1-7 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім сап соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автокөлік т.б.). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған баланың арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.

4. Топтастыру

Топтастыру. «Социометрия» әдісі
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.
І топ: Ақ түс
ІІ топ: Қызыл түс
ІІІ топ: Жасыл түс
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет