Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі:Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «INSERT» әдісі Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңілжелпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Дескриптор
Оқулықтағы мәтінді оқиды.
«INSERT» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс істейді. Оқулықта берілген практикалық жұмысты орындайды.
Қалыптастырушы бағалауМұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс – Жарайсың!, Жасыл түс – Жақсы!, Сары түс – Талпын!