Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Жаңалық ашамыз» ойыны Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл тапсырма болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан, салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.
Топтастыру:
Топтастыру: «Фигуралар» әдісі Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру I топ – Үшбұрыштар
топ – Дөңгелектер
топ – Төртбұрыштар
Мақсаты: оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерін пайдалану, оқу мақсаттарына қол жеткізуде
оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.