Әдістемелік нұсқау


Ұзақмерзімді жоспар тарауы



бет43/160
Дата15.10.2023
өлшемі481,6 Kb.
#115488
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   160
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа.

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
1-бөлім. «Программалау» (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушыларсаны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.3.2.1 жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;
3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;
3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Әлеуметтікжелілермен мессенджерлерді қандай мақсатта қолданатыны және оның қандай қаупі бар екені туралы әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Желідегі ақпарат алмасу программалық қосымшаларымен танысады.
Кейбір оқушылар үшін:
Мессенджерлерде бірлесіп жұмыс істеудің тиімді жақтарын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтыңкезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
«Арқаға сурет салу» ойыны
Бұл ойында барлық әрекетті үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім сап соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б.). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру. «Төрттік» әдіс
Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып, топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет