Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту. «Портрет» ойыны Қатысушылартөбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут музыка әуенін тыңдай жүріп,өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне сыйлайды. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңілкүй сыйлайды/.
Топтастыру:
Топтастыру. «Социометрия» әдісі Оқушыларды топтастыру үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан,оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: оқытудыңқажеттілігінеқарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі
қолданылады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,
суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Өздеріңтұратын аймақтағы табиғаты әсем қандай жерлерді атай аласың?
Саған қай тақырыптарда сурет салған ұнайды?
Сурет салу – өнер, шебер сөйлеу де өнер. Берілген суреттерді салыстыра отырып қандай әңгіме құрастыраредің?