Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.
/Бұл оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады, ынтымаққа баулиды/.
І топ: «Бірінші», ІІ топ: «Екінші», ІІІ топ: «Үшінші»
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.