Әдістемелік нұСҚаулық магистрлік диссертацияны (жобаны) орындауғА, ресімдеуге және қОРҒАУҒА Қойылатын талаптар


тарау. Магистранттың жеке жұмыс жоспарын жасау



бет5/22
Дата19.09.2023
өлшемі490,17 Kb.
#108791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
8 тарау. Магистранттың жеке жұмыс жоспарын жасау

45. Магистрант пен оның ғылыми жетекшісінің бірлескен жұмысы жеке жұмыс жоспарын құрудан басталады. Мұндай жоспар магистранттың мамандануын, мазмұнын, көлемін, оқу мерзімдерін және оны аттестаттау нысандарын айқындайтын негізгі басқару құжаты болып табылады.


46. 1-ші бөлім - Жеке оқу жоспары барлық оқу кезеңіне қабылданғаннан кейін жыл бойынша бөле отырып жасалады және магистранттың жеке жұмыс жоспарына қосымшамен ресімделеді. Жеке оқу жоспары магистранттың жеке білім беру траекториясын анықтайды.
47. 2-ші, 3-ші және 4-ші бөлімдерде практиканың кеңейтілген бағдарламасы, практика базасы болуға тиіс: педагогикалық және зерттеу практикасы бойынша білім беру бағдарламасы бойынша практикадан өтуге шарт жасалған шығарушы кафедра не ұйым көрсетіледі; өндірістік практика бойынша білім беру бағдарламасы бойынша практикадан өтуге шарттар жасалған ұйымдар көрсетіледі, өту мерзімі (айы, жылы) және есеп беру нысаны.
48. 5-ші бөлімде зерттеудің негіздемесі мен бағыты, жұмыс түрлері, орындалу мерзімі, есептілік нысаны, орындалғаны туралы белгі көрсетілген тақырып көрсетіледі.
Зерттеу бағыты ұлттық басымдықтармен, мемлекеттік бағдарламалармен немесе іргелі немесе қолданбалы зерттеу тақырыптарымен байланысты болуы керек.
49. 6-ші бөлімде магистрлік диссертациямен (жобамен) жұмыс жоспарында теориялық және эксперименттік бөлім бойынша жоспарланған жұмыстың түрлерін, орындалу мерзімдерін (ай, жыл), есептілік нысанын, орындалғаны туралы белгіні тізімдеу қажет.
50. 7-ші бөлімде мақаланың шамамен атауын, жариялау мерзімдерін (айы, жылы), мақаланы жариялау жоспарланған басылымның атауын көрсету қажет: ғылыми журнал немесе ғылыми-практикалық конференция материалдары.
51. 8-ші бөлімде ғылыми жетекшінің келісімі бойынша шарттар немесе басқа ЖОО, ҒЗИ жасалған серіктес жоғары оқу орындарының кеңейтілген тағылымдама бағдарламасын, ғылыми тағылымдама базасын қосу қажет. Ғылыми тағылымдама мерзімдерін семестрішілік аттестаттаумен және демалыс кезеңімен сәйкес келмейтін кезеңде 2-ші немесе 3-ші семестрде жоспарлау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет