1 тарау. Қолдану саласы
1. Осы Әдістемелік нұсқаулық. Магистрлік диссертацияны (жобаны) орындауға, ресімдеуге және қорғауға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Нұсқаулық) «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ – да (бұдан әрі - А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ немесе Университет) магистрлік диссертацияны (жобаны) орындауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды, қорғауға ұсыну тәртібін және білім алушылардың магистрлік диссертациясын (жобасын) қорғау рәсімін айқындайды.
2. Нұсқаулық университеттің нормативтік - анықтамалық құжаттамасының құрамына кіреді, орындау үшін міндетті болып табылады және магистрлерді дайындауға қатысатын барлық құрылымдық бөлімшелер шегінде әрекет етеді.
2 тарау. Нормативтік сілтемелер
3. Нұсқаулық келесі құжаттардың талаптары мен ұсынымдарына сәйкес әзірленген және рәсімдерді белгілейді:
1) 2007 жылғы 27 шілдегі № 319-III ҚРЗ «Білім туралы» ҚР Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы;
3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілген 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы;
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ЖАК Төрағасының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 377-3Ж бұйрығымен бекітілген диссертация мен авторефератты ресімдеу жөніндегі Нұсқаулық;
5) ҰС 081-2022 ж. Ұйым стандарты. Іс қағаздарын жүргізу;
6) ҚР 082 – 2022 ж. Құжатталған рәсім. Құжаттаманы басқару.
3 тарау. Анықтамалар
4. Осы Нұсқаулықта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Құжатта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) магистратура - кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгере отырып, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі;
2) магистрант - магистратурада білім алып жатқан адам;
3) магистр - магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
4) магистрлік диссертация - ғылым мен техниканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген, таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті мәселенің теориялық және / немесе практикалық әзірлемелерін қамтитын дербес ғылыми зерттеу болып табылатын ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы;
5) магистрлік жоба - таңдаған білім беру бағдарламасының өзекті проблемасының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын дербес зерттеуді білдіретін бейінді магистратура магистрантының бітіру жұмысы;
6) алдын ала қорғау - магистранттың университеттің шығарушы кафедрасының отырысында диссертациясын (жобасын) ұсынуы;
7) диссертация қорғау - магистранттың мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында магистрлік диссертацияны (жобаны) көпшілік алдында ұсынуы;
8) плагиат - басқа біреудің әдебиет, ғылым, өнер туындысына, өнертабысына немесе рационализаторлық ұсынысына (толық немесе ішінара) авторлық беру.
Достарыңызбен бөлісу: |