Әдістемелік нұсқаулық құрамына зертханалық жұмыстарды


Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата24.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#96876
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1.2 Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
1.2.1 Зертханалық жұмыстарды орындаған кезде аспаптарды,
қондырғыларды немесе басқа жабдықтарды тек қана оқытушының
немесе оқу шеберінің рұқсатымен, олардың құрылысын және техника
қауіпсіздігі талаптарын оқып білгеннен кейін ғана қосуға болады.
1.2.2 Агрегаттарды бөлшектеуді, құрастыруды, реттеуді және
оларды іске қосуды әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес іске асыру керек. 
1.2.3 Жұмыстарды орындау үрдісінде ақаулы аспапты қолдануға
болмайды.
1.2.4 Аспапты немесе машинадан шешіліп алынған тетікті
үстелдің шетіне қоюға немесе бөлшектеліп жатқан машинада
қалдыруға болмайды;
1.2.5 Өрт болған кезде оқытушы топ старостасымен және
кезекшімен бірге өртті сөндіру бойынша шараларды іске асырады:
– топтың старостасы жалпы рубильникті сөндіреді;
– оқытушы студенттерді зертханадан шығару және өртті сөндіру
бойынша шараларды қабылдайды, ал қажет болған жағдайда өрт
туралы 101 телефон нөмірі бойынша хабарлайды.
4


1.3 Зертханалық жұмыстарды орындау және есепті тапсыру 
тәртібі
Зертханалық жұмыстардың тақырыбы және орындау кезегі
курстың бағдарламасымен анықталады және бірінші сабақта
оқытушымен хабарланады.
Зертханалық жұмыстар сабақтардың кестесіне сәйкес
орындалады. Жұмыс орындарын дайындауды оқытушының
нұсқауымен оқу шебері орындайды. 
Студент кезекті зертханалық жұмысты орындауға қажетті оқу
және әдістемелік құралдарды оқып, дайын болу керек. 
Зертханалық жұмыс бойынша есепті әрбір студент жеке
орындайды. Зертханалық жұмыстардың нұсқасы бар тапсырмалары
сынақ кітапшасының соңғы екі санына сәйкес орындалады. Есеп
қолдан сиямен жазылады; жұмыстағы ықшамсызбалар мен графиктер
сызба аспаптарын қолдана отырып, қарындашпен сызылады.
Зертханалық жұмыстар бақылау іс-шараларының календарлық
графигіне сәйкес тапсырылады. Осы графикке сәйкес балдар
қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет