Әдістемелік нұсқаулық құрамына зертханалық жұмыстарды



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата24.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#96876
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Кіріспе
Әдістемелік нұсқаулық құрамына зертханалық жұмыстарды
орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі және өзін-өзі ұстау ережелері,
зертханалық жұмыстарды өткізу технологиясы және есепті дайындау
бойынша қысқаша нұсқаулар кіреді. Зертханалық жұмыстарды
орындау барысында студенттер теориялық білімді тереңдетеді және
көліктік техника тораптарының ақауларын анықтау, жөндеу бойынша
тәжірибелік дағды алады.
Нақты бір зертханалық жұмысты орындау бойынша әдістемелік
нұсқау келесі бөлімдерден тұрады: жалпы мәліметтер, зертханалық
жұмысқа дайындыққа арналған тапсырма, зертханалық жұмысты
орындау тәртібі, есепті дайындауға қойылатын талаптар және бақылау
сұрақтары.
Әрбір зертханалық жұмысты орындау келесі кезеңдерден
тұрады:
– студенттердің зертханалық жұмысқа дайындалу бойынша 
өздік жұмысы;
– оқытушының студентті зертханалық жұмысқа дайындығын 
тексеру;
– зертханалық жұмысты орындау;
– жұмыс орнына ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсету, 
есепті дайындау және жұмыстың нәтижелерін қорғау.
Әдістемелік нұсқаулықта келтірілген әрбір зертханалық жұмыс
бойынша бақылау сұрақтары оқытушының барлық студенттерге деген
әділ көзқарасын көрсетеді. Өйткені, әрбір студенттің зертханалық
жұмысқа өздігінен дайындалған және есепті тапсырған кезде сұрақтар
тізімімен танысу мүмкіндігі бар. 
Қолдануға ұсынылып отырған әдебиеттер тізімі студенттердің
зертханалық жұмыстарды орындауға өздігінен дайындалуға мүмкіндік
береді.
3


1 Зертханалық жұмыстарды орындаудың және техника 
қауіпсіздігінің негізгі ережелері
1.1 Зертханаларда жұмыс істеу тәртібі
1.1.1 Зертханалық жұмыстарды өткізу алдында студенттер осы
ережелермен танысу керек, ал оқытушы техника қауіпсіздігі бойынша
нұсқауды жүргізуге міндетті. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаудан
өткен студент кафедра журналына және зертханалық жұмыстар
журналына қол қою керек. Нұсқаудан өтпеген және журналға қол
қоймаған студент зертханалық жұмыстарды орындауға жіберілмейді. 
1.1.2 Студенттерге тыйым салынады:
– сабаққа сыртқы киіммен келуге;
– зертханадан тетіктерді, аспаптарды шығаруға және сырттан
заттарды кіргізуге, темекі тартуға;
– сабақ үстінде зертхананың ішінде жүріп тұруға немесе
зертханалық жұмыспен қарастырылмаған әрекеттерді жасауға (басқа
жұмыс орнына, қосылған аспаптар мен аппаратураларға жақындауға,
қолмен тисуге);
– үстелдер мен плакаттарға жазуға, зертхана заттарын бұзуға,
қағаздарды немесе қоқысты қалдыруға;
– техника қауіпсіздігі ережелеріне қарсы келетін әрекет жасауға.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет