1.3 Зертханалық жұмыстарды орындау және есепті тапсыру
тәртібі
Зертханалық жұмыстардың тақырыбы және орындау кезегі
курстың бағдарламасымен анықталады және бірінші сабақта
оқытушымен хабарланады.
Зертханалық жұмыстар сабақтардың кестесіне сәйкес
орындалады. Жұмыс орындарын дайындауды оқытушының
нұсқауымен оқу шебері орындайды.
Студент кезекті зертханалық жұмысты орындауға қажетті оқу
және әдістемелік құралдарды оқып, дайын болу керек.
Зертханалық жұмыс бойынша есепті әрбір студент жеке
орындайды. Зертханалық жұмыстардың нұсқасы бар тапсырмалары
сынақ кітапшасының соңғы екі санына сәйкес орындалады. Есеп
қолдан сиямен жазылады; жұмыстағы ықшамсызбалар мен графиктер
сызба аспаптарын қолдана отырып, қарындашпен сызылады.
Зертханалық жұмыстар бақылау іс-шараларының календарлық
графигіне сәйкес тапсырылады. Осы графикке сәйкес балдар
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: