3 Симметриялы және симметриялы емес сызықты үш фазалы тізбектер 3.1 Есеп шығару үлгілері 3.1.1 Есеп. Нөлдік сымы бар жұлдызша жалғанған симметриялы үш фазалы тізбекте линиялық кернеу 220 В тең, фазаның кедергісі z = 16+j12Ом. Фазадағы және нөлдік сымдағы токтарды тап.
Шығару жолы. Симметриялы үш фазалы тізбекте токтардың симметриялы жүйесі орнайды, сондықтан "А" фазасындағы токты есептеу жеткілікті (жұлдызша жалғанғанда линиялық ток фазалық токқа тең).
“B” фазасының тогы
“C” фазасының тогы
Нөлдік сымдағы ток Кирхгофтың І заңы арқылы есептелінеді және симметриялы тізбекте нөлге тең болу керек
3.2 Аудиторияда орындауға және үй тапсырмасына арналған есептер 3.2.1 Есеп. Тізбекте екі бірдей шам қосылған. Генератор фазаларындағы жұлдызша жалғанған ЭҚК-тері 127 В-қа тең. Егер XC=r болса, қандай шам жарықтау жанатынын анықта, UB/UC қатынасын тап; фазалар реттілігін анықтау үшін бұл тізбек қалай қолданылатынын түсіндіру.
Аналитикалық түрде тек қана бейтараптаманың ығысуын есептеп, топографиялық диаграмма салу жолымен есепті шығару.
3.2.2 Есеп. Тізбек үшін берілгені: генератордың фазаларындағы XC=r=10 Oм және жұлдызша жалғанған ЭҚК-тері 127В-қа тең. Токтарды табу, 1.3.1-есептегі диаграммада токтардың векторларын тұрғызу және IA+IB+IC=0 екеніне көз жеткізу.
3.2.3 Есеп. 1.3.2-есептегі тізбекте генератор мен қабылдағыштың бейтараптамаларының арасында XL=10 Oм кедергісі бар бейтарап сым қосылған. Токтардың шамаларын табу; топографиялық диаграмма тұрғызу және ІN= IA+IB+IC .
4 Электр тізбегінің резонансы 4.1 Есеп шығару үлгілері 4.1.1 Есеп Тізбектің толық кедергісін тап, егер XL= ХC=
=14 0м:
Есебі. Тізбектің толық кедергісі – тізбектің комплекстік кедергісінің модулі; параллель жалғанғанда комплекстік кедергі мынаған тең
.