Әдістемелік нұсқаулық


Аудиторияда орындауға және үй тапсырмасына арналған есептер



бет2/7
Дата28.02.2023
өлшемі423,5 Kb.
#70578
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
1.2 Аудиторияда орындауға және үй тапсырмасына арналған есептер
1.2.1 Есеп. 1.2.1-суреттегі тізбекте амперметр 8 А токты көрсетеді. Ом және Кирхгоф заңдарын қолданып, басқа тармақтардағы токтарды анықта.

1.2.2 Есеп. Егер U=20В болса, Кирхгоф заңдарын пайдаланып, 1.2.2-суреттегі тізбекте барлық токтарды тап. Барлық кедергілер Оммен берілген.




1.2.3 Есеп. 1.2.3 суреттегі тізбекте тармақтардағы токтарды тап: а)Кирхгоф заңдарын қолданып; б) контурлық токтар әдісімен.



Е1=26 В,


Е2=8 В,
Е3=24 В.

1.2.4 Есеп. Екі түйін әдісімен түйіндер арасындағы Uab кернеуін пайдаланып, №1.3.3-есепті шығар.


Бұл жағдайда екі түйінді тізбек үшін кернеудің формуласы түйіндік потенциалдар әдісіндегі жалпы теңдеуден екендігін көрсету керек.
1.2.5 Есеп. Екі түйінді тізбек үшін кернеудің формуласын пайдаланып, 1.2.2 есепті шығар: а) 1.3.2 суретте көрсетілген U оң бағытталған кернеуінде; б) кері оң бағытталған U кернеуде (берілген кернеуді ЭҚК көзімен ауыстыру керек: Е=U).
1.2.6 Есеп. 1.3.2 есептегі (1.3.2 сурет) тізбек үшін І2=0 болғандағы U кернеудің бағыты мен шамасын тап. Бұл жағдайда I1 және I3 токтары неге тең?
1.2.7 Есеп 1.3.4 суреттегі тізбекте ток I2=2А. Ом заңын және Кирхгофтың 1-заңын пайдаланып, барлық токтарды тап. 1.2.4 суреттегі ЭҚК мен кедергілердің берілгендерімен қуаттар тепе-теңдестігін есепте.


1.2.8 Есеп. 1.3.7 есептің шартында ток I2 белгісіз. Түйіндік потенциалдар әдісімен 1.3.4 суреттегі тізбекте токтарды тап: а) r1=0 болғанда; б) r1=2 Ом болғанда; в) екі жағдай үшін де қуаттар тепе-теңдестігін құр.


2 Электр тізбектеріндегі гармоникалық тербілістер тәртібі


2.1 Есеп шығару үлгілері
2.1.1 Есеп. Тізбектегі ток i = 6sin (ωt + 20°), егер r = xL = xC = 10 Ом болса, элементтердегі ur; uL; uC кернеулерінің лездік мәнін тап. Токтың және кернеудің әсерлік мәндерін комплекстік түрде есепте.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет