Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет12/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Түркі халықтары фольклорында шығарма сюжетін баяндап, айтудың жүйесі 
болғандығын, мұның кейіннен жазба әдебиетте де жалғасын тапқандығын
«Оғыз-қаған» мен «Күлтегін» жырларын салыстыра отырып, дәлелдеп берген 
Немат ағамыз еді. Кезінде «Оғыз-қағанды» 17 циклге бөліп, талдау жасаған 
Қ.Өмірәлиев еңбегін басшылыққа ала отырып, әсіресе, діни-мифологиялық 
көріністеріне арнайы барлау жасайды.
Немат ағамыздың «Атилла» (Еділ) дастанын талдауда Рим қаласында оқыған, 
батыс ғұндарының көсемі Еділдің Рим мен Бургундия корольдерін тас-талқан 
етіп жеңіп, ғұндық рухты қалыптастырғанын, «Атилла» дастанының сюжетінен 
алынып жазылған «Нибелунга туралы жыр» мен «Алып қолды Вальтария» атты 
поэмалардың герман және скандинавия халықтарына тиесілі деп жүргендеріне 
ақыл көзімен ой тоқтатып, келешек үлкен ізденістерге де бағыт сілтейді. Көркем 
әдебиеттегі дәстүр мен жалғастық мәселесін өмір бойы зерттеген ғалымның: 
«Сонау бұрынғының көп елін,
Түгелдей тізе бүктірген
Батыстағы көп жұртты,
Бір шыбықпен айдаған» - бабаларымыздың ерлік дәстүрін кейінгіге аманат-
тау да оңай болмағаны мәлім.
Ашинаны бас кейіпкер еткен «Көк бөрі» дастанының этностық белгілері анық, 
аңыз хикаяларға негізделген эпос. Байырғы бабаларымыздың өр рухынан хабар 
беретін «Ергенекон» дастанындағы үндеу сөздер ерекше рухқа толы. Ал, жазба 
әдебиетіміздің бастауында тұрған «Күлтегін» мен «Тоныкөк» жырларының ұлы 
Түрік қағанаты тұсындағы қазақтың қилы тағдырын сөз еткен зерттеулеріндегі 
жәдігерліктер – ұлт руханиятын танудағы теңдессіз еңбектер.
Немат ағамыздың сүбелі еңбектері ежелгі әдебиет тарихына арналған. Со-
нау алпысыншы жылдары Бейсенбай Кенжебаев ағамыз бастап М.Мағауин, 
М.Жолдасбеков, А.Қыраубаева, т.б. қоштап, ежелгі әдебиетіміздің бастауларын 
арғы дәуірлердегі дүниені тітіренткен Тұран империясынан бастауымыз керек 
деген батыл ойды көтерген топтың бел ортасында Немат ағамыз да жүріп еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет