Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Абдрахманов С. Түркі дүниесін тұтастандырушы тұлға



Pdf көрінісі
бет15/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   196
Абдрахманов С. Түркі дүниесін тұтастандырушы тұлға
С. АБДРАХМАНОВ
ТҮРКІ ДҮНИЕСІН ТҰТАСТАНДЫРУШЫ ТҰЛҒА
Бүгін «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері және Немат 
Келімбетов шығармашылығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық 
конференцияның Астанадағы Түркі академиясында ұйымдастырылуы, 
конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрі, академик Бақытжан Жұмағұловтың сөз сөйлеуі қазақ әдебиеттануы, 
қазақ фольклористикасы түркологияда да осы қарашаңырақтық сипатын сақтап 
отырғанын келісті көрсетіп берді дей аламыз.
Жақында «Руханият сыры мен рух жыры» атты жинақ жарық көрді. Көрнекті 
түрколог-ғалым, танымал жазушы, аудармашы Немат Келімбетовтің өмірі мен 
шығармашылығына арналған кітаптың атауына біздің 2010 жылғы 5 қазанда 
«Егемен Қазақстанда» жарияланған мақаламыздың тақырыбы алыныпты. Біз ол 
мақаланы автордың түрік тілінде шыққан «Umit» және «Turk Halklarinin Ortak 
Edebi Eserleri» кітаптарының Ыстамбұлдағы тұсаукесерінен жазған болатынбыз. 
Соның алдында ғана Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 
ұсынысымен Түркі дүниесінің академиясы құрылған еді. Бүкіл түркі жұртына 
ортақ әдеби мұраларды саралаған Н.Келімбетов еңбегінің Ыстамбұлда жарық 
көруі жаңа академияның Қазақстан Президентінің ұсынысымен құрылуының 
да, оның біздің елордамызда – Астанада орналасуының да заңдылық екендігін 
тамаша танытты. Академия құрылғаннан кейінгі қолға алынған сан-салалы 
жұмыстың алғашқы нақты нәтижесі бүкіл түркі халықтарының ежелгі әдеби 
жәдігерліктері жайындағы кітаптың жарық көруі болуы қай жағынан қарағанда 
да жарасымды десек, ол кітаптың, Мағжанның сөзімен айтқанда, көп түрік енші 
алысып тарасқанда қарашаңыраққа иелік етіп қалған халықтың өкілі – қазақ 
ғалымының қолынан шығуы мерей тасытар іс. 
Осыдан біраз күн бұрын тағы да Ыстамбұлға жолымыз түсті. Онда Махмұт 
Қасымбековтің Президент туралы кітабының түрікше басылымының тұсаукесері 
ұйымдастырылды. Сол жерде өткен жолы кездескен бір түрік азаматы бізге мы-
нандай жайды айтты. Ыстамбұлдың бір мектебінде Немат Келімбетовтің «Үміт» 
деген кітабы («Үміт үзгім келмейді» түрік тіліне солай аударылған) қосымша 
сабақ түрінде өткізіліп жатыр екен. Демек, қазақ қаламгерінің кітабы өзге 
жұрттардың да игілігіне айналғаны.
Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев «Түркілік мұраның 
түгендеушісі» атты мақаласында былай дейді: «Б.Кенжебаев батылдық таны-
тып, жыраулар мұрасы, ортағасырлық түркі ескерткіштері, ежелгі түркілер 
заманындағы әдеби жәдігерліктер де қазақ жазба әдебиетінің тарихы бо-
19




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет