Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Есім Ғ. Өмір сүру дегеніміз – өмірді түсіну



Pdf көрінісі
бет9/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   196
Есім Ғ. Өмір сүру дегеніміз – өмірді түсіну 
қатысты. Азапқа төзу – тағдыр, бірақ оған адамның шамасы жете бермек емес. 
Діни аңыздарда тамұқ пен жұмаққа қатысты әңгімелер осы төзімділікке қатысты 
емес пе? Тамұққа төзу мүмкін емес, ал жұмаққа төзу жеңіл деп кім айтты. Тоқ 
өмір тоғышарлық туғызса, адам бірте-бірте адам қалпынан кете бермек емес 
пе? Байлық адамды өзі де біліп болмайтын азапқа салмаушы ма еді. Азаптың ең 
қиыны мағынасы белгісіз азап. Адам баласының ондай азапты жеңуге қауқары 
жоқ. Оған тағы діни аңыздан мысал, анамыз Хауа жұмақ ғұмырдың өзінен 
жетіспейтін әлдене іздеп, ұрпағы азабы шексіз Жер бетінде ғұмыр кешу тағдыры 
орнығып алды емес пе? 
Немат Келімбетовтің «Ұлыма хат» деген эссесі ұрпақтар сабақтастығы 
үшін, тәрбие үшін аса қажетті өнегелік мағынадағы шығарма. Бұл жанр ерте-
ден бар. Дана Хикардың баласына жазған хаттары. Одан беріде атақты Кабус-
намеде әкесінің баласына жазған хаттары. Немат Келімбетов те осы дәстүрді 
жалғастырған. Мен Дана Хикар мен Кабустың жеке басының мәселелері туралы 
аса қанық емеспін. Сірә, олар Нематтың басынан кешкендей ауыр жағдайларға 
түсті ме екен, ол арасын ажыратып айта алмаймын. Олардың жазған хаттарында 
өз басында болған қиыншылықтар айтылмаған. Жалпы ақыл-кеңестер берілген. 
Немат болса, ұлына айтқан өнегелі хаттарында өзінің жеке басының қасіретін, 
қазақ халқының басынан өткен қасіреттерін көркем тілмен тамаша баяндаған. 
Алдында айтқан даналар балаларына өсиетті негізінен балаларының жеке басы-
на, тұрмысына, денсаулығына, үйлену мәселесіне қатысты әңгімелерді өрбітсе, 
Немат мырзаның олардан артықшылығы, ұлын Қазақ елінің қайраткері ретінде 
көруді мақсат тұтқан. Қазақ елінің қайраткері нені білуі керек, неден жиренуі 
керек, неден сақтану керек, нені мақсат, мұрат, арман тұтуы керек деген елдік 
келелі мәселелерді насихат ретінде ұлына хат етіп қалдырған. 
Немат Келімбетовтің ұлына жазған хаттарында қазақ халқының 
дүниетанымындағы басты ұғымдары әлденеше рет қайталанып айтылып 
отырған. Олар: бақыт, бақытсыздық, қайғы, қасірет, құт, береке, ырыс, несібе, 
күншілдік, дәурен, дәулет, бай болу, кедей болу, жомарттық, халық алдындағы 
жауапкершілік, келешек, жаңа заман, тәрбие, тарихи сана, әдеби мұра, тари-
хи тұлғалар: Алып тонға, Шу батыр, Оғыз хан, Хайдар Дулати, Асан Қайғы, 
Бұқар жырау, хакімдер, жыраулар, дін мәселесі, дінсіздік, қатігездік, достық, 
адамшылық, арсыздық, қайырымдылық, жалған достық, жала, «артистік» ғұмыр 
кешу, өмір, өмірдің мәні, адал жар, ұрпақ, тағы да басқа өнегелік, тәрбиелік, 
танымдық мәселелерге толы.
«Ұлыма хатты» Немат Келімбетов не үшін жазған? Әрине, біріншіден, өз 
басының толғанысы, өзі сұрыптап жинаған адамдық, елдік құндылықтарды 
ұрпағына, ұлына жеткізу, ұрпағын қайраткерлік деңгейге көтеру. Екіншіден, 
мүмкін бұл басты мәселе, миллиондаған жастарға, олардың әке-аталарына аса 
қажетті дидактикалық шығарма. «Ұлыма хат» шығармасының ғұмыры ұзақ бо-
латынына мен кәміл сенемін. Бұл, әсіресе мектеп жасындағы жастарға, студент 
жастарға аса қажетті шығарма. «Ұлыма хатты» әр қазақтың оқуы, білуі қажет. 
Бұл шығарма кімді болсын бей-жай қалдырмайтыны анық. 
13




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет