Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет16/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
лып есептеледі деген концепцияны дәлелдеуге бел байлады. Ақыры заман өзі 
ақиқатты айқындап, аяулы ғалым Б.Кенжебаевтің ұстанымы дұрыс болғандығын 
танытты.
Н.Келімбетов ұстазы аманат еткен күрделі тақырыпты терең зерттеп, тала-
сы көп қиын сауалдардан қаймықпай, ашылған, дәлелденген рухани мұраларды 
алға тартып, қазақ әдебиетінің V ғасырдан ХV ғасырға дейінгі мың жылдық 
тарихын оқулыққа енгізіп, сол қымбат кітапты жоғары оқу орындарының 
студенттеріне ұсынды. 1986 жылы «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» деген атпен 
алғаш баспа көрген бұл еңбек 1991 жылдан бастап «Ежелгі дәуір әдебиеті» де-
ген оқулық болып, еліміздің филология мамандықтарында міндетті оқытылатын 
пәндердің біріне айналды. Осы жердің өзінде символдық мән жатқанын аңғаруға 
болады. Кітап оқырман қолына тиген 1986 жылы қазақ халқының рухани оя-
нуын әйгілейтін Желтоқсан көтерілісі тарихта орын алса, еліміз 1991 жылы 
ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігін жариялады. Н.Келімбетовтің өмірлік 
мұратын айқындайтын осы монографиясы мен оқулығы қазақ халқын ежелгі 
түркі бабаларының азат рухымен байланыстырып, одан сүйінші сұрағандай әсер 
етеді».
«Ежелгі дәуір әдебиеті» кітабы түрік тілінде шыққанда «Түрк халкларынын 
ортақ едебі есерлері» деп аталуының мәні бар. Мәселе Түркияда ежелгі әдебиет 
дегенде еске, ең алдымен, Осман патшалығы дәуіріндегі әдебиет оралатынында 
ғана емес. Мәселе Немат Келімбетов еңбегі арқылы жоғарыда аталған жауһар 
жырлардың баршамызға ортақ мұра екендігі дәлелденгендігінде. Келімбетов 
кітаптары бүгінде бүкіл түркі дүниесінің ортақ игілігіне айналып отыр.
Орда бұзар отызында, ол тұста талайдың тісі бата қоймайтын, батылы жете 
бермейтін тақырыпта – Абылай хан ұрпағы, кітаби, діни ақын деп әдебиет та-
рихынан шеттетіліп жүрген Шәді шығармашылығынан кандидаттық диссерта-
ция қорғап, ғылымның қия жолына енді-енді өрлей берген шабытты шағында 
жұлынға жасалған сәтсіз операциядан соң сал болып қалған Н.Келімбетовтің 
ерлікке толы өмірі, аурумен алыса жүріп тындырған ірі істері жөнінде баспасөз 
бетінде біраз жазылды. Бір көңіл тоғайтарлығы – көрнекті ғалым жылдар бойғы 
тартқан бейнетінің зейнетін де көріп кетті дей аламыз. Әсіресе, кейінгі алты-жеті 
жылдың мұғдарында «Күлтегін» сыйлығын иеленуі (айтқандай, ол сыйлыққа 
ғалымды «Егемен Қазақстанның» ұжымы ұсынған), еңбектерінің түрік тілінде 
төрт том күйінде жарық көруі, Қытайда, Еуропаның бірнеше елдерінде ауда-
рылуы, бұған дейін Вацлав Гавел, Стивен Спилберг, Харуки Мураками сияқты 
әлемге әйгілі суреткерлер марапатталған Франц Кафка алтын медалін алуы азап-
ты көп көрген азаматқа ақыры абырой арқалатты.
Немат Келімбетов өз өмірінде бірнеше адам жабыла жүріп атқарғанда да 
разылық білдіретіндей еңбек жасады.
Ал, шынтуайтында, біз бұл адамға қандай ісіне болса да разылық білдіретін 
жөніміз бар.
20




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет