Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Әбдезұлы Қ. Профессор Немат Келімбетов және қазіргі қазақ руханияты



Pdf көрінісі
бет27/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Әбдезұлы Қ. Профессор Немат Келімбетов және қазіргі қазақ руханияты
«Оғыз-қаған» дастаны, «Аттилла» дастаны, «Көк бөрі» дастаны, «Ергенекон» 
дастаны, Көк түріктердің ерлігі туралы «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары, 
«Қорқыт ата кітабы», «Авеста-қасиетті жазбалар жинағы». Бұл тарауға енген 
дүниелердің дереккөздерін ғалым әлем зерттеушілерінің кітаптарынан іздеп та-
бады.
Еңбектің екінші тарауын «Ислам дәуірі әдебиеті» деп атап, келесі туындылар-
ды енгізеді: «Этикалық-дидактикалық поэзия», «Әбу Наср әл-Фараби», «Орта 
ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері», «Махмұт Қашқари. 
«Диуани лұғат ат-түрік», «Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн. «Құтадғу біліг», «Ах-
мет Йүгінеки. «Хибатул-хақайық», «Қожа Ахмет Йассауи. «Диуани хикмет», 
«Мират-ул Кулуб», «Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы». Бұл тарауын-
да да ғалым зерттеуші шығыстанушы, түркітанушы, арабтанушы ғалымдардың 
еңбектеріне арқа сүйейді. Ағылшын және басқа да әлем тілдеріндегі еңбектерді 
де ескереді. Солардың сирек қолжазбалары мен жарық көрген еңбектерін терең 
ақтарғандығы анық байқалады. Немат Келімбетов араб, парсы, көне шағатай, 
көне түркі тілдеріндегі жәдігерліктерді көп зерттеген. 
Солардың біразын сюжеттік мазмұнын сақтап, поэтикалық құрылымын 
әлсіретіп алмай өзі де қазақ тіліне аударды. Ғылыми сипаттамаларын жаз-
ды. Әсіресе орыс, түрік, өзбек, әзірбайжан, татар, башқұрт ғалымдарының 
монографиялық зерттеулерінің ең бір сүбелілерін ой елегінен өткізеді. Солардағы 
ғылыми тұжырымдар мен толғамдарды өз ой-пікірлеріне тұғыр етеді. Жаңсақ 
кеткен ой-пікірлерді жаңа деректер негізінде жаңаша толғайды.
Осынау еңбектердегі ислам құндылықтарына байланысты тың, жаңа ғылыми 
ой-тұжырымдарды өзі зерттеп отырған обьектісіне байланысты сабақтастыра 
пікір өрбітеді. Осы орайда ғалымның төмендегідей тұжырым жасауы тарихи 
сабақтастықты дөп басып анықтайды. Немат Келімбетов: «Басқаша айтсақ, Х – 
ХII ғасырлар түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында қайта өрлеу-
ренессанс дәуірі болды. Сондай-ақ енді ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы 
шығармалар бұрынғыдай араб тілінде емес, жергілікті халықтардың өз тілінде, 
яғни түркі тілінде жазыла бастады. Араб тілі мемлекеттік тіл болудан қалды. 
Ел басқару ісін де түркі халықтарынан шыққан әкімдер қолға алды. Мұның өзі 
кездейсоқ құбылыс емес еді. Бұл өзгерістердің бірнеше ғасыр бойы дайындалып 
келе жатқан тарихи алғышарттары бар болатын. 
Ұлы Түрік қағанаты - өзінің ішкі қайшылықтары мен сыртқы қысымның 
салдарынан екіге бөлініп кеткені (Батыс және Шығыс түрік қағанаттары) та-
рихтан жақсы мәлім. Ұланғайыр өлкені иеленіп, әлемді аузына қаратып тұрған 
ұлы Түрік қағанатының өзінен кейінгі ұрпағына қалдырған мұрасын «тым аз» 
деп те, «қыруар көп» деп те бағалауға болар еді. «Тым аз» дейтін себебіміз – 
Түрік қағанаты тұсында салынған ғажайып кент-қалалар, зәулім сарайлар, 
құнды дүние-жиһаздар жау қолынан қирап, көл-көсір қазына-байлығы қадым 
замандарда-ақ талан-таражға түсіп кетті. Ал, «қыруар көп» дейтін себебіміз – 
данышпан бабаларымыздың ұшқыр ақыл-парасатынан туған ең асыл мұралар – 
33




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет